Калибрлеу ескеруі CAL guard
CAL guard калибрлеу ескертуі өлшеу құралының күйін бақылайды ол өшік болса да. Егер өлшеу құралы аккумулятор немесе батарея арқылы энергия жабдықтауысыз болса, ішкі энергия сақтағышы 72 сағат ішінде сенсорлар ырқылы үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді.
Сенсорлар өлшеу құралының алғашқы іске қосылуымен белсендіріледі.
Калибрлеу ескертуінің іске қосылуы
Егер төмендегі оқиға пайда болса, калибрлеу ескертуі CAL guard іске қосылып CAL guard (3) көрсеткісі қызыл түсте жанады:
- Калибрлеу аралығы (әр 12 ай) өтті.
- Өлшеу құралы сақтау температурасы аймағынан тыс сақталып тұр.
- Өлшеу құралы қатты қағылған (мысалы, құлап еденге қағылғанда).
"Bosch Levelling Remote App" бағдарламасында үш оқиғаның қайсысы калибрлеу ескертуін іске қосқанын көруге болады. Бағдарламасыз себеп айқындалмайды, CAL guard (3) көрсеткішінің жануы тек нивелирлеу дәлдігін тексеру керектігін білдіреді.
Ескерту іске қосылғаннан соң CAL guard (3) көрсеткіші нивелирлеу дәлдігі тексеріліп көрсеткіші өшірілгенше жанады.
Калибрлеу ескертуі іске қосылғаннан соң жасалатын әрекеттер
Өлшеу құралының нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз қараңыз Өлшеу құралының дәлдігін тексеру.
Егер максималды ығысудан ешбір тексерісте асырылмаса, CAL guard индикаторын (3) өшіріңіз. Ол үшін қабылдағыш режим түймесін (5) және Bluetooth® түймесін (9) бір уақытта кемінде 3 секунд басып тұрыңыз. CAL guard индикаторы (3) өшеді.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз.