Белгілер

Төмендегі белгілер шаңсорғышты пайдаланған кезде маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен олардың мағынасын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну пайдаланушыға шаңсорғышты дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

ЕСКЕРТУ! Барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді оқып шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді сақтамау ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақаттануға әкелуі мүмкін.

IEC/EN 60335-2-69 бойынша M класындағы шектік мәні ≥ 0,1 мг/м³ болған денсаулыққа зиянды шаңды құрғақ соруға арналған сорғыш

ЕСКЕРТУ! Сорғыш денсаулыққа зиян келтіретін шаңды жұтады. Босату және техникалық қызмет көрсету әрекеттерін, соның ішінде шаң жинағыш контейнерді тазалау бойынша жұмыстарды мамандандырылған кәсіпорындарға орындауға тапсырыңыз. Тиісті қорғаныс жабдығы қажет болады. Сорғышты толық және мұқият енгізілген сүзгі жүйесінсіз пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.

Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш керек-жарақтарын және/немесе электр құралын бос орынды үнемдеп сақтау үшін шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінде L‑BOXX шертуге болады.

L‑BOXX шертілгенде шаң соруға болмайды. Шаңсорғыштың ауырлық орталығы жоғары жылжытылады. Шаңсорғыш құлауы мүмкін. Жарақаттану және зақым келтіру қаупі бар.

Ең көбі бір ғана L‑BOXX шертіңіз.

L‑BOXX және ішіндегісінің салмағы 15 кг-нан артық болмауы тиіс.

Шаңсорғышты, мысалы, тасымалдау үшін кран ілгішіне ілмеңіз. Шаңсорғышты кранмен көтеруге болмайды. Жарақаттану және зақым келтіру қаупі бар.

Шаңсорғыш үстіне отырмаңыз, баспаңыз немесе тұрмаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш құлауы немесе зақымдалуы мүмкін. Жарақат алу қаупі бар.

Іске қосу/тоқтату автоматикасы
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңды сору
Шаңсорғыш автоматты түрде қосылып, шамалы уақыттан соң қайта өшеді

Өшіру

Сору
Жиналған шаңды сору

15

15 мм шланг диаметрі үшін ауа ағынын бақылау

22

22 мм шланг диаметрі үшін ауа ағынын бақылау

35

35 мм шланг диаметрі үшін ауа ағынын бақылау

Min/Max

Сору қуатын бірқалыпты реттеу:

  • Шаңның үлкен мөлшері пайда болатын жұмыстарға арналған максималды сору қуаты
  • Шаңның азырақ көлемі пайда болатын жұмыстар үшін және жалғанған электр құралы мен дайындама беті арасындағы сору қуатын реттеу үшін (мысалы, ажарлау кезінде) қолданылатын азайтылған сору қуаты

Жалғанған электр құралының рұқсат етілген қосылым қуаты туралы деректер (елге байланысты)

AFC

Сүзгіні автоматты түрде тазалау (AFC = Automatic Filter Cleaning)