Айналу жиілігін алдын ала таңдау
(GWS 18V-15 SC / GWS 18V-15 PSC)
Нұсқау: ең көбі 6 айналу жиілігінің деңгейі бар айналу жиілігін жекелей алдын ала реттеу функциясы, Bluetooth ® Low Energy Module GCY 42 (стандартты жеткізілім жиынтығына жатпайды) пайдаланылғанда ғана қолжетімді болады.
Әдепкі күйде 3 айналу жиілігінің деңгейі алдын ала реттелген. Арнайы қолданба (Bosch Toolbox App) арқылы 6 айналу жиілігінің деңгейін бағдарламалауға болады.
Айналу жиілігі деңгейлерінің саны өзгертілгенде, бөлек деңгейлердің мәндері алдын ала реттеледі. Бұл жағдайда айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторы (40) ақ түспен жанады. Айналу жиілігінің мәні жекелей бағдарламаланған болса, айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторы (40) мұндай айналу жиілігінің деңгейінде көк түспен жанады (яғни негізгі реттеуге сәйкес емес). Айналу жиілігінің деңгейлерін әр 200 мин-1 бойынша қадамдарда жекелей реттеуге болады. Бұл ретте деңгейлердің көтерілу логикасын (2 ≥ 1 / 3 ≥ 2 және т.с.с.) ескеріңіз.
Төмендегі кестелерде деңгейлердің бағдарламаланған әр саны үшін алдын ала реттелген айналу жиілігінің мәндері (негізгі реттеулер) көрсетілген.
GWS 18V-15 SC | Деңгей бойынша айналу жиілігінің негізгі реттеуі | |||||
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
[мин-1] | [мин-1] | [мин-1] | [мин-1] | [мин-1] | [мин-1] | |
Айналу жиілігі деңгейлерінің саны | ||||||
2 | 3400 | 9800 | – | – | – | – |
3 | 3400 | 6600 | 9800 | – | – | – |
4 | 3400 | 5600 | 7600 | 9800 | – | – |
5 | 3400 | 5000 | 6600 | 8200 | 9800 | – |
6 | 3400 | 4600 | 6000 | 7200 | 8600 | 9800 |
Айналу жиілігі деңгейлерінің көрсетілген мәндері пайдаланылатын аккумулятор түріне, аккумулятор зарядының деңгейіне және құрылғының жұмыс температурасына байланысты.
GWS 18V-15 SC | Деңгей бойынша айналу жиілігінің негізгі реттеуі | |||||
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
[мин-1] | [мин-1] | [мин-1] | [мин-1] | [мин-1] | [мин-1] | |
Айналу жиілігі деңгейлерінің саны | ||||||
2 | 2600 | 7400 | – | – | – | – |
3 | 2600 | 5000 | 7400 | – | – | – |
4 | 2600 | 4200 | 5800 | 7400 | – | – |
5 | 2600 | 3800 | 5000 | 6200 | 7400 | – |
6 | 2600 | 3600 | 4600 | 5400 | 6400 | 7400 |
Айналу жиілігі деңгейлерінің көрсетілген мәндері пайдаланылатын аккумулятор түріне, аккумулятор зарядының деңгейіне және құрылғының жұмыс температурасына байланысты.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесімен (39) қажетті айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады. Төмендегі кестедегі деректер 3 алдын ала реттелген айналу жиілігінің деңгейімен зауыттық реттеу үшін ұсынылған мәндер болып табылады.
Материал | Қолданылуы | Алмалы-салмалы аспап | Айналу жиілігін алдын ала таңдау деңгейі | GWS 18V-15 SC GWS 18V-15 PSC (125 мм) [мин-1] | GWS 18V-15 SC (150 мм) [мин-1] |
---|---|---|---|---|---|
Металл | Бояуды кетіру | Ажарлағыш диск | 1 | 3400 | 2600 |
Металл | Қылшақпен өңдеу, тотты кетіру | Тостаған тәрізді қылшақ, егеуқұм қағазы | 1 | 3400 | 2600 |
Тот баспайтын болат | Ажарлау | Ажарлағыш диск/талшықты диск | 2 | 6600 | 5000 |
Металл | Сыдырып ажарлау | Ажарлағыш диск | 3 | макс | макс |
Металл | Кесу | Кескіш диск | 3 | макс | макс |
Тас | Кесу | Алмас кескіш диск | 3 | макс | макс |
- Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр құралында көрсетілген максималды айналымдар санына тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.