Қосымша тұтқа (A суретін қараңыз)

Қосымша тұтқаны қайыру

Қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне қол жеткізу үшін қосымша тұтқаны (8) кез келген жаққа қайыруға болады.

Қосымша тұтқаның (8) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (8) қалаулы күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (8) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.

Бұрғылау тереңдігін орнату

Тереңдік шектегішімен (6) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

Тереңдік шектегішін реттегіш қатпарлы бұранданы (7) босатып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (8) енгізіңіз.

Тереңдік шектегішін (6), бұрғы ұштығы мен тереңдік шектегіші (6) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз.