Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (5) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (3) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау немесе бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) төмен қарай "R" күйіне басыңыз.
Солға айналу: бұрандаларды және гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) "L" күйіне басыңыз.
- Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (2) электр құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (2) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс: Төмен айналу жиілігінің диапазоны; үлкен бұрғы диаметрімен жұмыс істеу үшін | ||
II беріліс: Жоғары айналу жиілігінің диапазоны; кіші бұрғы диаметрімен жұмыс істеу үшін. |
Беріліс ауыстырып-қосқышы (2) тірелгенше бұралмаса, жетек шпинделін бұрғымен бірге азғантай айналдырыңыз.