Пайдалану бойынша нұсқаулар

Тереңдік шектегішімен (17) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

  • Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (15) басып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (16) орнатыңыз.
    Тереңдік шектегішінің (17) бұдыр жағы төмен қарап тұруы қажет.
  • SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал бекіткішіне (2) тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
  • Тереңдік шектегішін бұрғы ұштығымен тереңдік шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X сәйкес келгенше тартыңыз.

  • Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күш себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
  • Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз. Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары реактивті күш пайда болады.

Жылдам өшіру (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралы жоқ электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ және кенет айналса, электр құралы өшіп қалады.

  • Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (10) жіберіп, қайта басыңыз.

Жылдам өшіру электр құралындағы жұмыс шамының (14) жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.

Кіріктірілген дірілді басу функциясы дірілді азайтады.

  • Демпфер зақымдалған жағдайда электр құралын пайдаланушы болмаңыз.

  • Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.

Бұрауыш биттерді пайдалану үшін SDS plus бекіткіш білігі бар әмбебап ұстағыш (22) қажет болады.

  • Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
  • Айналмалы әмбебап ұстағышты құрал бекіткішіне автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
  • Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
  • Әмбебап ұстағышқа бұрауыш битті салыңыз. Тек бұранданың бастиегі үшін жарамды бұрауыш биттерді пайдаланыңыз.
  • Әмбебап ұстағышты алып тастау үшін құлыптау төлкесін (4) артқа жылжытып, әмбебап ұстағышты (22) құрал бекіткішінен шығарып алыңыз.

Нұсқау: электр құралын құлаудан бекіту үшін жүйенің салмағына жарамды құлаудан сақтандыру құралын (24) пайдалану қажет. Құлаудан сақтандыру құралының максималды рұқсат етілген ұзындығы 1,8 м құрайды. Міндетті түрде электр құралындағы рұқсат етілген бекіту диапазонын (23) ескеріңіз.

Құлаудан сақтандыру құралы ретінде теңіз түйінімен бекітілген құтқару ілмегін немесе құлау амортизаторы бар құлаудан сақтандыру құралын пайдаланыңыз.

Құлаудан сақтандыру құралын (24) бекіткен кезде міндетті түрде оның пайдалану бойынша нұсқаулығына назар аударыңыз.

  • Құлаудан сақтандыру құралының қарама-қарсы жағын міндетті түрде тұрақты құрылымға (мысалы, ғимарат немесе тұғыр) бекітіңіз және еш жағдайда пайдаланушының өзіне бекітпеңіз.
    Құлаудан сақтандыру құралы еркін қозғалуы тиіс және оны тек берік анкерлік нүктеге (25) және электр құралындағы рұқсат етілген бекіту диапазонында (23) бекітуге болады.
    Берік анкерлік нүктені (25) электр құралы құлаған жағдайда құлаудан сақтандырғышқа еркін түсе алайтындай және пайдаланушыны орамайтындай және оған қауіп төндірмейтіндей таңдаңыз.
    Еш жағдайда құлаудан сақтандыру құралын шаңсорғыш GDE 12 монтаждалған электр құралында пайдаланбаңыз.