Сақтау және тасымалдау
Құрылғы элементтерін сақтау (O1−O5 суреттерін қараңыз)
Сақтау үшін электр құралы белгілі бір құрылғы элементтерін берік бекітуге мүмкіндік береді.
- Қосымша параллель тіректі (41) параллель тіректен (9) босатыңыз.
- Барлық бос құрылғы бөліктерін олардың корпустағы сақтау қораптарына салыңыз (төмендегі кестені қараңыз).
Сурет | Құрылғы элементі | Сақтау қорабы |
---|---|---|
O1 | Қорғаныш қаптама | ұстағыштың (33) тесігіне ілу және қыспа иінтірекпен (37) бұрап бекіту |
O2 | "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағы (42) | ұстағыштарға (69) қысу |
O2 | Сору адаптері (32) | ұстағыш қапсырмаларға (70) кіргізу |
O3 | Шеңберлік кілт (22) | бекіткіш гайкамен (71) аспаптар қорабына бекіту |
O3 | Жылжыту таяғы (23) | бекіткіш гайканың (71) көмегімен ілу және жылжытып бекіту |
O4 | Параллель тірек (9) | айналдыру, астыңғы жақтан бағыттауыш шиналарға ілу және қысқыш тұтқаны (39) бекіту |
O5 | Алты қырлы дөңбек кілт (21) | ұстағыштарға (72) кіргізу |
O5 | Бұрыштық тірек (3) | ұстағыш қапсырмаларға (73) кіргізу |
O5 | Қосымша параллель тірек (41) | ұстағыш қапсырмаларға (30) кіргізу (қысқа жағын жоғары; ұзын жағын артқа қаратып) |
Электр құралын тасымалдау
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі қадамдарды орындау керек:
- Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
- Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық керек-жарақтарды алып тастаңыз.
Пайдаланылмаған ара дискілерін тасымалдау үшін мүмкіндігінше жабық контейнерге салыңыз. - Аралау үстелінің кеңейтімін (13) толығымен ішке жылжытып, қысқыш тұтқаны (15) бекіту үшін төмен қарай итеріңіз.
- Желілік кабельді кабель ұстағышына (29) ораңыз.
- Көтеру немесе тасымалдау үшін тасымалдау тұтқаларын (12) пайдаланыңыз.
- Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш аспаптарды пайдаланбаңыз.