Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Жұмысты әр бастамас бұрын және өлшеу құралын ұзақ уақыт тасымалдағаннан кейін өлшеу құралының нивелирлеу және индикация дәлдігін тексеріңіз.
Шарлы ватерпастың (7) ауа көпіршігін тіреуіш бұрандаларды (12) бұрау арқылы тексеру процесінің соңғы позициясы мен орталық арасындағы ортадағы позицияға келтіріңіз.
Ауа көпіршігі шарлы ватерпастың ортасында орналасқанша, бүйірлі алты қырлы кілттің көмегімен (17) дәлдеп реттеу бұрандаларын (11) бұраңыз.
Көру түтігін 180°-қа бұрау арқылы шарлы ватерпасты тексеріңіз. Қажет болса, дәлдеп реттеу әрекетін қайталаңыз немесе қажетінше Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өлшеу құралын туралағаннан және фокустағаннан кейін анықтамалық нүктедегі биіктікті өлшеңіз. Содан кейін компенсатордың құлыптау түймесін (8) басып, қайта жіберіңіз. Анықтамалық нүктедегі биіктікті қайта өлшеңіз.
Екі биіктік мән бір-біріне сәйкес келмесе, өлшеу құралын Bosch қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Тексеру үшін шамамен 30 м ұзындығына ие өлшеу қашықтығы қажет. Өлшеу құралын ортаға және өлшеу қашықтығының екі шетіндегі A мен B төрткілдештеріне қойыңыз.
Өлшеу құралын туралағаннан және фокустағаннан кейін екі төрткілдештегі биіктікті оқып шығыңыз. A төрткілдешіндегі a1 биіктігінің және B төрткілдешіндегі b1 биіктігінің арасындағы d айырмашылығын есептеңіз.
Мысал:
a1 = 1,937 м
b1 = 1,689 м
a1 – b1 = 1,937 м – 1,689 м = 0,248 м = d
Өлшеу құралын A төрткілдешінен шамамен 1 м арақашықтықта орнатыңыз. Өлшеу құралын туралағаннан және фокустағаннан кейін A төрткілдешіндегі a2 биіктігін оқып шығыңыз.
B төрткілдешіндегі b2 мақсатты мәнін анықтау үшін алдын ала есептелген d мәнін өлшенген a2 биіктігінен алыңыз.
B төрткілдешіндегі b2 биіктігін өлшеңіз. Өлшенген мән есептелген мақсатты мәннен 6 мм (GOL 20 D/G), 3 мм (GOL 26 D/G) немесе 2 мм (GOL 32 D/G) шамасына ауытқып тұрса, айқасуды қосымша дәлдеп реттеу керек.
Мысал:
a2 = 1,724 м
d = 0,248 м
a2 – d = 1,724 м – 0,248 м = 1,476 м
GOL 20 D/G: b2 биіктігі өлшеу кезінде 1,476 м ± 6 мм құрауы керек.
GOL 26 D/G: b2 биіктігі өлшеу кезінде 1,476 м ± 3 мм құрауы керек.
GOL 32 D/G: b2 биіктігі өлшеу кезінде 1,476 м ± 2 мм құрауы керек.
Окуляр қақпағын (4) бұрап алыңыз. Реттегіш тиектің (18) көмегімен дәлдеп реттеу бұрандасын (5), B төрткілдешіндегі өлшем b2 биіктігі үшін есептелген мақсатты мәнге жеткенше, сағат тілінің бағытымен немесе оған қарсы бұраңыз.
Окуляр қақпағын (4) бұрап орнатыңыз.
Мысал:
b2 мәнін өлшеу кезінде 1,476 м мәнін реттеу керек.
Айқасуды тағы бір рет тексеріп шығыңыз. Қажет болса, дәлдеп реттеу әрекетін қайталаңыз немесе қажетінше Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.