Өлшеу функциялары

Функциялар мәзірінде төмендегі функциялар бар:

  • Ұзындықты өлшеу
  • Ұзақтықты өлшеу
  • Жазықтықты өлшеу
  1. Функциялар мәзірін ашу үшін  түймесін басыңыз.
  2.  түймесінің көмегімен қалаулы өлшеу функциясын таңдаңыз.
  3. Таңдауды растау үшін  түймесін басыңыз.

  1. Функциялар мәзірін ашу үшін  түймесін басыңыз.
  2. Ұзындықты өлшеу функциясын таңдап, таңдауды  түймесі арқылы растаңыз.
  3. Лазерді қосу үшін  түймесін қысқаша басыңыз.
  4. Өлшеуді іске қосу үшін  түймесін басыңыз.
  5. Өлшенген мән дисплейдің астыңғы жағындағы нәтижелер жолағында (f) көрсетіледі.
  6. Жоғарыда көрсетілген қадамдарды әр кейінгі өлшеу үшін қайталаңыз.

Бірнеше ұзындықты өлшеу әрекеті бірінен кейін бірі орындалған жағдайда, соңғы өлшеу әрекеттерінің нәтижелері өлшеу мәндерінің жолақтарында (e) көрсетіледі. Соңғы өлшеу мәні дисплейдің астыңғы жағында тұрады, соңғының алдындағы өлшеу мәні жоғарысында тұрады және т.с.с.

Ұзақтықты өлшеу кезінде, өлшеу мәні үздіксіз жаңартылып тұрады. Мысалы, қабырғадан қажетті қашықтыққа дейін алыстауға болады, ағымдағы қашықтық әрдайым көрінеді.

  1. Функциялар мәзірін ашу үшін  түймесін басыңыз.
  2. Ұзақтықты өлшеу  опциясын таңдап, таңдауды  түймесі арқылы растаңыз.
  3. Лазер тұрақты режимде қосылады.
  4. Өлшеу құралын, қажетті қашықтық дисплейде көрсетілгенше жылжытыңыз.
  5.  түймесін қысқаша басу арқылы ұзақтықты өлшеу функциясын тоқтатуға болады.
  6. Ұзақтықты өлшеу әрекетін жалғастыру үшін  түймесін қайта басыңыз.

Ағымдағы өлшеу мәні жақсырақ көрінуі үшін үлкейтіліп көрсетіледі.

Ұзақтықты өлшеу 4 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.

  1. Функциялар мәзірін ашу үшін  түймесін басыңыз.
  2. Ауданды өлшеу функциясын таңдап, таңдауды  түймесі арқылы растаңыз.
  3. Лазерді қосу үшін  түймесін қысқаша басыңыз.
  4. Бірінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің ұзындығы,  түймесін басыңыз.
  5. Екінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің ені,  түймесін басыңыз.

Екінші өлшеуді аяқтағаннан кейін, жазықтық автоматты түрде есептеліп көрсетіледі. Нәтиже нәтижелер жолағында (f) көрсетіледі. Бөлек өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (e) тұрады.