Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын ток көзіне жалғау керек.
- Лазерді реттеген кезде (мысалы, манипуляторды жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Иінтірек (24) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
- Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
- Манипуляторды қол тұтқасымен (13) баяу төмен қарай бағыттаңыз.
- Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
- Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
- Дайындаманы қысып қойыңыз.
- Лазер сәулесін қосқышпен (34) қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде орналасуы керек.
1. Оң жақ лазер сәулесін реттеу:
- Реттегіш бұранданы (58) алты қырлы дөңбек кілтпен (59) оң жақ лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша сызылған кесік сызығына параллель болғанша бұраңыз.
Сонда сол жақ лазер сәулесі да жылжиды.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
2. Сол жақ лазер сәулесін реттеу:
- Реттегіш бұранданы (60) алты қырлы дөңбек кілтпен ((59) сол жақ лазер сәулесі дайындамадағы сызылған кесік сызығынан оң жақ лазер сәулесімен бірдей аралықта болғанша бұраңыз.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
- Лазерден қорғаныш қалпақшаның (15) төрт бұрандасын (61) крест ойықты бұрауышпен алып тастаңыз.
Нұсқау: лазерден қорғаныш қалпақшаның алдыңғы бұрандаларына қол жеткізу үшін маятниктік қорғаныш қаптаманы (16) артқа қайыру керек. - Лазерден қорғаныш қалпақшаны (15) алып тастаңыз.
- Бекіткіш бұранданы (62) (шамамен 1–2 айналым) алты қырлы дөңбек кілтпен (59) босатыңыз. Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
- Лазер монтаждық тақтасын лазер сәулелері бүкіл ұзындығы бойынша дайындамадағы сызылған кесік сызығымен параллель болғанша оңға немесе солға жылжытыңыз.
- Лазер монтаждық тақтасын осы күйде ұстай отырып, бекіткіш бұранданы (62) қайтадан мықтап тартыңыз.
- Реттегеннен кейін кесік сызығының түзулігін қайтадан тексеріп шығыңыз. Қажет болса, лазер сызықтарын (58)/(60) реттегіш бұрандаларымен қайтадан туралаңыз.
- Лазерден қорғаныш қалпақшаны (15) қайтадан бекітіңіз.
- Лазерден қорғаныш қалпақшаның (15) төрт бұрандасын (61) крест ойықты бұрауышпен алып тастаңыз.
Нұсқау: лазерден қорғаныш қалпақшаның алдыңғы бұрандаларына қол жеткізу үшін маятниктік қорғаныш қаптаманы (16) артқа қайыру керек. - Екі бекіткіш бұранданы (63) (шамамен 1–2 айналым) алты қырлы дөңбек кілтпен (59) босатыңыз.
Бұрандаларды толық шығармаңыз. - Лазер корпусын, лазер сызықтары манипуляторды артқа жылжытқан кезде бүйірге ығыспағанша, оңға немесе солға жылжытыңыз.
- Реттегеннен кейін кесік сызығының түзулігін қайтадан тексеріп шығыңыз. Қажет болса, лазер сызықтарын (58)/(60) реттегіш бұрандаларымен қайтадан туралаңыз.
- Лазердің корпусын осы күйде ұстай отырып, бекіткіш бұрандаларды (63) қайтадан мықтап тартыңыз.
- Лазерден қорғаныш қалпақшаны (15) қайтадан бекітіңіз.