Суыту сұйықтығының жүйесін монтаждау және толтыру (B суретін қараңыз)
- Суыту сұйықтығының жүйесін тек бұрғылау коронкасымен бұрғылау кезінде пайдалануға болады.
- Суыту сұйықтығының жүйесін тік немесе еңкейтілген жазықтықтарда немесе бас үстінен бұрғылау кезінде пайдалануға болмайды.
Суыту сұйықтығы багының (35) көлемін бакты тартып итеру арқылы 500 мл шамасынан 750 мл шамасына дейін өзгертуге болады.
- Суыту сұйықтығының багын (35) ұстағышқа (36) кіргізіңіз.
- Ұстағышты суыту сұйықтығының багымен жоғарғы жақтан шина (17) ішіне жылжытыңыз.
- Суыту сұйықтығы клапанының жалғағыш келте құбырын (38) суыту сұйықтығының шлангісіне (37) жалғаңыз.
Суыту сұйықтығының багын (35) бұрғылау алдында суыту сұйықтығымен толтыру керек.
- Суыту сұйықтығының клапанын (39) жауып қойыңыз.
- Суыту сұйықтығы багының бұрандалы қақпағын (40) бұрап шығарыңыз да, бакқа (35) суыту сұйықтығын құйыңыз.
- Бұрандалы қақпақты (40) қайтадан суыту сұйықтығының багына бұрап орнатыңыз.
- Суыту сұйықтығы багының тарту мен итеруді бұғаттайтын құлпын (41) жоғары тартыңыз.
- Электр құралын қоспас бұрын суыту сұйықтығының клапанын (39) толықтай ашыңыз.