Сыртқы USB құрылғыларын зарядтау (B суретін қараңыз)
Аккумулятор адаптеріндегі (1) USB жалғағышының көмегімен мобильді телефон, MP3 ойнатқышы немесе планшет сияқты әртүрлі аккумуляторлық USB құрылғыларында аккумулятордың жұмыс істеу уақытын ұзартуға болады.
- Сыртқы USB аспабыңыз USB қосқышы арқылы аккумулятор адаптерінде зарядталуы мүмкіндігіне көз жеткізіңіз. "Техникалық мәліметтер" тарауындағы деректерді ескеріңіз.
- USB құрылғысының зарядтағыш кабелін аккумулятор адаптеріндегі (1) USB ұясына (2) жалғаңыз.
- Аккумулятор адаптерін белсендіру үшін қосу түймесін (5) басыңыз. Қосу түймесі (5) жанады.
Зарядтағыш кабель қосылған болмаса, USB жалғағыштары 30 секундтан кейін автоматты түрде ажыратылады. Қосу түймесі (5) сөнеді.
Қуатты үнемдеу үшін, зарядтау процесі аяқталғаннан кейін, USB ажыратқыштары автоматты түрде ажыратылады.