Қолданысқа енгізу

  • Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (6) басыңыз.
    Пайдаланушы интерфейсі жанады.
    Бірмәртелі іске қосу белсенді болып, (26) индикаторы жанады.
  • Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (6) басыңыз.

  • Электр құралын қосыңыз.
  • Ауызды (15) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
    Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады.
  • Содан кейін іске қосу құрылғысын (5) қысқа уақыт басыңыз да, жіберіңіз.
    Осылайша қапсырма қағылады.
  • Электр құралын дайындамадан кері жылжытыңыз.
  • Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын дайындамадан толықтай шығарып, оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.

  • Электр құралын қосыңыз.
  • Режим түймесін (25) қысқаша басу арқылы түйіспелі іске қосу режимін белсендіріңіз.
    Түйіспелі іске қосу индикаторы (27) ақ түспен жанады.
  • Іске қосу құрылғысын (5) басып тұрыңыз.
    Бұл ретте жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады.
  • Ауызды (15) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
    Осылайша қапсырма қағылады.
  • Қағу әрекетін жалғастыру үшін іске қосу құрылғысын (5) ары қарай басып тұрыңыз және электр құралын дайындамадан толықтай көтеріп алыңыз. Оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
  • Режим түймесін (25) қайта басу арқылы бірмәртелі іске қосу режиміне ауысыңыз.
    Бірмәртелі іске қосу индикаторы (26) жанады.