Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық нұсқауларды оқып шығып, орындау керек. Айналмалы платформа мен қашықтан басқару құралы берілген нұсқауларға сәйкес пайдаланылмаса, бұл кіріктірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етуі мүмкін. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ТҮРДЕ САҚТАҢЫЗ.
- Айналмалы платформа мен қашықтан басқару құралын тек білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Осылайша айналмалы платформа мен қашықтан басқару құралының қауіпсіздігі сақталады.
- Айналмалы платформа мен қашықтан басқару құралын жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң болатын жарылыс қаупі бар ортада пайдаланбаңыз. Айналмалы платформа мен қашықтан басқару құралы ұшқын шығарып, шаңды немесе буды тұтандыруы мүмкін.
Магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады. |
- Магнитті аксессуарды магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Аксессуарлар магниттерінің әсері қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін.