Қашықтан басқару құралының қуат көзі
Қашықтан басқару құралы үшін сілтілі марганец батареяларын пайдалануға кеңес беріледі.
Батарея бөлімінің қақпағын (29) ашу үшін ысырманы (28) көрсеткі бағытымен басып, батарея бөлімінің қақпағын алып тастаңыз. Батареяны енгізіңіз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
- Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, одан батареяны шығарып алыңыз. Қашықтан басқару құралында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареяны тот басуы және оның заряды өздігінен таусылуы мүмкін.