Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді оқып шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді сақтамау ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен ескертпелерді болашақ жұмыстар үшін сақтап қойыңыз.
- Әр пайдаланудан бұрын радио қабылдағышты, кабельді және ашаны тексеріңіз. Зақымдар байқалған жағдайда, радио қабылдағышты пайдаланбаңыз. Радио қабылдағыш пен ашаны өз бетіңізбен ашпаңыз және оларды тек білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Зақымдалған радио қабылдағыштар, кабельдер және ашалар электр тогының соғу қаупін арттырады.
- Желілік ашаны қорғаныш контактісі бар оңай қолжетімді розеткаға жалғау керек.
- Желілік аша розеткамен үйлесімді болуы керек. Ашаны ешқандай жолмен өзгертуге болмайды. Ешқандай адаптер ашаларын радио қабылдағыштармен бірге қолданбаңыз. Өзгертілмеген ашаны және жарамды розеткаларды пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.
- Радио қабылдағышты желілік қосылыммен пайдаланған кезде желілік кабельді толықтай жайыңыз. Әйтпесе желілік кабель қызып кетуі мүмкін.
- Радио қабылдағышты тасымалдау, асып қою немесе ашасын розеткадан шығару үшін кабельді мақсатынан тыс пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір жиектерден немесе құрылғының жылжымалы бөліктерінен алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель ток соғу қаупін арттырады.
Радио қабылдағышты жаңбырдан немесе ылғалдан қорғаңыз. Радио қабылдағыштың ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады. |
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
- Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
- Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады.