Аралау дискісін орнату/ауыстыру
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
- Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
- Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
- Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген айналымдар саны кемінде электр құралында белгіленген максималдық айналымдар санына сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.
- Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде пайдаланбаңыз.
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (11) басып, ұстап тұрыңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (11) ара шпинделі тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
- Алты қырлы дөңбек кілтпен (27) қысқыш бұрандаманы (26) ➊ бағытында бұрап шығарыңыз.
- Маятниктік қорғағыш қаптаманы (9) артқа тартып, берік ұстаңыз.
- Қысқыш фланецті (25) және аралау дискісін (24) шпиндельден (22) алыңыз.
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
- Аралау дискісін (24) және барлық бекіту бөлшектерін тазалаңыз.
- Маятниктік қорғағыш қаптаманы (9) артқа тартып, берік ұстаңыз.
- Аралау дискісін (24) тірек фланеціне (23) орнатыңыз. Тістердің кесу бағыты (аралау дискісіндегі көрсеткінің бағыты) және маятниктік қорғағыш қаптамадағы (9) айналу бағытының индикаторы бірдей болуы қажет.
- Қысқыш фланецті (25) орнатыңыз және қысқыш винтті (26) ➋ бағытында бұрап бекітіңіз. Қысқыш фланецтің (23) және тірек фланецтің (25) орнату күйі дұрыс болуын қадағалаңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (11) басып, ұстап тұрыңыз.
- Алты қырлы дөңбек кілтпен (27) қысқыш винтті (26) ➋ бағытында бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–9 Нм құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼ айналымға сәйкес келеді.