Аккумуляторды зарядтау
- Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек қана мұндай зарядтағыш құрылғылар электр құралыңызда пайдаланылатын литий-иондық аккумулятормен үйлесімді.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
- Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.