Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз

Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.

Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

Тіреуіш планканы туралау

  • Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (12) 0° бұрышына арналған ойыққа дейін бұраңыз. Иінтірек (16) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
  • Реттелетін тіреуіш планканы (23) толық сыртқа қарай тартыңыз.

Тексеру (P1 суретін қараңыз)

  • Бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны ара дискісімен (41) жанасатындай етіп тіреуіш планка (11) мен ара дискісінің арасында аралау үстеліне (12) орнатыңыз.

Бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша тіреуіш планкада жатуы керек.

Реттеу (P2 суретін қараңыз)

  • Барлық ішкі алты қырлы бұрандаларды (48) жинақтағы алты қырлы дөңбек кілтпен (32) босатыңыз.
  • Тіреуіш планканы (11) бұрыштық калибр бүкіл ұзындығы бойынша беттеп жатқанша бұраңыз.
  • Бұрандаларды қайта берік бекітіңіз.

Бұрыш индикаторын (көлденең) туралау (Q суретін қараңыз)

Тексеру

Бұрыш индикаторы (17) шкаланың (18) 0° белгісімен бір сызықта болуы керек.

Реттеу

  • Бұранданы (49) жинақтағы крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
  • Бұранданы қайтадан тартыңыз.