Пайдалану бойынша нұсқаулар

Әр жұмыс істеуден бұрын қауіпсіздік пен іске қосу құрылғыларының ақаусыз жұмыс істегенін және барлық бұрандалар мен гайкалардың берік бекітіліп тұрғанын тексеріңіз.
Бұзылған немесе дұрыс жұмыс істемеген электр құралын дереу электр желісінен ажыратып, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Электр құралында нұсқаулардан тыс өзгерістерді орындамаңыз. Электр құралының бөлшектерін бөлшектемеңіз немесе бұғаттамаңыз. Жарамсыз құралдармен ешқандай "төтенше жөндеу" жұмыстарын өткізбеңіз.

Электр құралының, мысалы, төмендегі әрекеттер арқылы әлсізденуіне немесе зақымдалуына жол бермеңіз:

  • соғу немесе ою,
  • өндіруші рұқсат етпеген құрылымын өзгерту,
  • жерге құлату немесе жерде жылжыту,
  • балға ретінде пайдалану,
  • күш салып жұмыс істеудің кез келген әдісі.

Ұзақ жұмыс үзілістерінде және жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралын өшіріңіз, аккумуляторды шығарыңыз және қорапты мүмкіндігінше босатыңыз.

Бекіту кезінде бекітілетін материалдар бойынша өндіруші спецификацияларын және кәсіпорынның құрылыстық жоспарларын ескеріңіз.

Дайындама астында немесе артында не тұрғанын көріп алыңыз. Артыңызда адамдар тұрса, қабырға, төбе немесе еденге шеге қақпаңыз. Шегелер астыңғы бетті тесіп, әлдекімге жарақат тигізуі мүмкін.

Шегелерді әрдайым астыңғы бетке тігінен қағып қондыру қажет.

Әлдеқашан қондырылған шегеге басқа шеге қақпаңыз. Бұл ретте шеге деформацияға ұшырап, шегелер қысылуы мүмкін немесе электр құралы бақылаусыз жылжуы мүмкін.

Шегелер дұрыс қондырылғанын тексеріңіз. Берік бекіту үшін олар не тым биік, не тым терең қондырылмауы немесе бүгілмеуі керек.

GNB 18V‑40: бекіткіш элементтерді қондыру кезінде шегелердің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.

Егер бетон қате қағу әрекетінің нәтижесінде зақымдалған болса, оны белгілі ережелерге сәйкес жөндеу қажет.

Төмендегі мәліметтерді Bosch шегелерінің құжаттамасынан немесе келесі веб-сайттан алыңыз:
http://www.bosch-pt.com:

  • Шеге бүркеншігінің арақашықтығы, hNHS
  • Тиімді анкерлеу ұзындығы, hef
  • Бетон элементінің минималды қалыңдығы, h
  • Екі шеге арасындағы минималды қашықтық, smin
  • Минималды жиектер арақашықтығы, cmin
  • Ұсынылған жүктемелер

Электр құралының көмегімен пластиктен немесе болаттан жасалған бөлек бекіткіш элементтерді астыңғы бетке қондыруға болады.

Бекіткіш элементтер бойынша мысалдар:

Тапсырыс нөмірі

Сипаттама

1 600 A03 2G6

Құбыр қысқыш қапсырма, 16 мм

1 600 A03 2G7

Құбыр қысқыш қапсырма, 20 мм

1 600 A03 2G8

Құбыр қысқыш қапсырма, 25 мм

1 600 A03 2G9

Құбыр қысқыш қапсырма, 32 мм

1 600 A03 2GA

Құбыр қысқыш қапсырма, 40 мм

1 600 A03 2GB

8 кабельге арналған кабель кронштейні (бір жақты)

1 600 A03 2GC

16 кабельге арналған кабель кронштейні (екі жақты)

1 600 A03 2GD

20 кабельге арналған кабель ұстағышы

1 600 A03 2GE

40 кабельге арналған кабель ұстағышы

1 600 A03 2GF

Қамыт ұстағышы

1 600 A03 2GG

Қамыт, 8−32 мм

1 600 A03 2GH

Қамыт, 16−63 мм

Bosch бекіткіш элементтерінің толық сұрыпталымы www.bosch-pt.com сайтында берілген.

  • Электр құралыңыз үшін Bosch компаниясы ұсынған бекіткіш элементтерді ғана пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген бекіткіш элементтерді пайдалану электр құралының зақымдалуына және жарақат алуға әкелуі мүмкін.

Пластиктен жасалған бекіткіш элементтер үшін жіңішке түйіспе элементін (23) орнатыңыз (E суретін қараңыз).

Болаттан жасалған бекіткіш элементтер үшін стандартты түйіспе элементін (17) орнатыңыз (F суретін қараңыз). Магниттік сақинаны (24) түйіспе элементінің ұштығы бойынша бүйірінен жылжытып, орнында тірелуіне мүмкіндік беріңіз.

Бекіткіш элементті шегені өткізуге арналған жермен түйіспе элементіне (23) немесе магниттік сақинаға (24) орнатыңыз.

  • Әрдайым бір ғана бекіткіш элементті орнатыңыз. Бір-біріне орнатылған бірнеше элемент жарақат алуға немесе зақымдарға әкелуі мүмкін.
  • Бекіткіш элементті орнату кезінде қолыңызды әрдайым ауыздың бүйірінде ұстаңыз. Ауызды әрдайым өзіңізден немесе басқа адамдардан ары бағыттаңыз. Түйіспе элементін ішке қарай итермеңіз. Саусағыңызды іске қосу құрылғысынан алшақ ұстаңыз. Күтпеген іске қосылудан шеге шығарылып, адамдарға жарақат тигізуі немесе электр құралына зақым келтіруі мүмкін.

Түйіспе элементін орнатылған бекіткіш элементпен бірге астыңғы бетке қысыңыз. Қағу процесін әдеттегідей іске қосыңыз.

Қағу тереңдігін тереңдік шектегішінің ажыратқышы (20) арқылы, шеге бүркеншігінің арақашықтығы (hNHS) үшін дұрыс мәнге қол жеткізетіндей етіп реттеңіз.

Шеге тым терең: тереңдік шектегішінің ажыратқышын (20) оңға қарай басыңыз.
Шегелер әрі қарай тым терең қағылатын болса, онда ұзынырақ шегелерді пайдаланыңыз.

Шеге жеткілікті терең емес: тереңдік шектегішінің ажыратқышын (20) солға қарай басыңыз.
Шегелер әрі қарай жеткілікті терең емес қағылатын болса, онда қысқа шегелерді пайдаланыңыз.

Күй индикаторы (2) қызыл немесе сарғылт түспен жанып тұрса немесе шегелер бұдан былай дұрыс қағылмаса, бұғатталуды түзетіңіз.

  • Аккумуляторды (10) шығарып алыңыз. Қорапты (12) босатып, шығарыңыз. Түйіспе элементін (17) шығарыңыз.
  • Қорапты (12) тексеріп, кір, қалдық пен бөгде заттарды кетіріңіз.
  • Түйіспе элементін (17) тексеріп, шегелерді, шеге бөліктерін, қалдықтарды немесе бөгде заттарды ойғышпен (21) кетіріңіз. Бұл ретте түйіспе элементіне зақым келтірмегеніңізді қадағалаңыз.
  • Түйіспе элементін (17), қорапты (12) және аккумуляторды (10) қайтадан қондырыңыз.
  • Қорап қалқанындағы (14) түймені (15) басып, оны қорап саңылауына қарай тірелгенше жылжытыңыз.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Бастапқы күйге қайтару түймесін (4), күй индикаторы (2) жыпылықтай бастағанша, 5 секунд басыңыз.
  • Түйіспе элементін (17) ағаш бөренесіне және т.с.с. затқа қысып, іске қосу құрылғысын (6) басыңыз. Осылайша қозғалтқыш таңбаны дұрыс позицияға келтіре алады.
  • Егер басқа қате анықталса, электр құралы қалыпты жұмыс режиміне қайтпайды, оның орнына күй индикаторында (2) басқа қате көрсетіледі.

Тұғыр (13) тегіс астыңғы беттегі электр құралын тігінен туралау әрекетін жеңілдетеді.

Тегіс емес астыңғы бетте жұмыс істеу үшін тұғырды (13) бөлшектеуге болады. Ол үшін оны қораптан (12) артқа қарай жылжытыңыз.

Ілгек (25) өшірілген электр құралын арнайы ілгіш аспапқа бекітуге мүмкіндік береді.

Ілгекті (25) жеткізілім жиынтығындағы бұрандамен электр құралының корпусына бұрап бекітіңіз (G суретін қараңыз).

  • Ілгекте (25) зақымдалған немесе деформацияланған жерлердің бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
    Зақымдалған, деформацияланған немесе электр құралына бұдан былай берік бекітілмейтін ілгекті (25) пайдаланбаңыз.
  • Электр құралын ілгектің (25) көмегімен тұрақты ілгіш аспапқа іліңіз.
    Зақым келтіруге немесе жарақат алуға жол бермеу үшін ілгіш аспапты жаяужолдың немесе тікелей жұмыс аймақтарының үстіне орнатуға тыйым салынады.

Ілгек тек электр құралы мен орнатылған керек-жарақты ілуге арналған.

  • Еш жағдайда ілгекті құлаудан сақтандыру құралы ретінде пайдаланбаңыз.

Электр құралын тасымалдау үшін, әсіресе сатыны қолданған немесе әдеттегіден тыс дене қалпында жылжытқан кезде өшіріңіз.

Іске қосу құрылғысын құлыптан босату ажыратқышымен (5) құлыптаңыз. Электр құралын жұмыс орнына тек тұтқасынан (7) ұстап және іске қосу құрылғысын (6) іске қоспай тасымалдаңыз.