Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (3) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (3) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (5) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (3) сол жағынан жоғары жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (3) сол жағынан төмен қарай жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан жоғары қарай жылжытыңыз.