Пайдалану нұсқаулары
- Байланыстырылған ажарлағыш құралдардың көмегімен сыдырып ажарлау кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7) пайдаланыңыз.
- Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін пайдаланбаңыз.
- Сыдырып ажарлау кезінде кесуге арналған қорғаныш қаптама (8) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (7) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (11) бірге дайындамаға соғылып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкелуі мүмкін.
30°–40° еңкейту бұрышымен сыдырып ажарлау кезінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Электр құралын орташа қысыммен алға-артқа жылжытыңыз. Нәтижесінде дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және қатпарлар пайда болмайды.
- Кесуге де, ажарлауға да рұқсат етілген байланыстырылған дискілер пайдаланылған кезде, кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (8) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (11) бірге пайдалану керек.
- Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен ажарлау кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы пайдаланыңыз (7).
Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен (керек-жарақ), сонымен қатар дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге болады. Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискілер әдеттегі ажарлағыш дискілермен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді, азырақ шуыл шығарады және төменірек ажарлау температурасына ие болады.
- Ажарлағыш қылшақтармен өңдеу кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы пайдаланыңыз (7). Тостаған тәрізді қылшақтармен/конустық қылшақтармен өңдеу әрекетін қорғаныш қаптамасыз орындауға болады.
- Тостаған тәрізді немесе конустық қылшақпен жұмыстар өткізу үшін әрдайым қол қорғанысын (16) монтаждаңыз.
- Дискілі қылшақтардың максималды рұқсат етілген өлшемдерінен асырған жағдайда, дискілі қылшақтардың сымдары қорғаныш қаптамаға тиіп, сынуы мүмкін.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
- Металл материалдарды байланыстырылған кескіш дискілермен немесе алмас кескіш дискілермен кескен кезде әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (8) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (11) бірге пайдаланыңыз.
- Ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7) байланыстырылған кескіш дискілермен кесу жұмыстары үшін пайдаланған кезде, дискілер сынған жағдайда, ұшқын мен бөлшектер және диск бөліктері тиюінің артқан қаупі туындайды.
Кескіш дискімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс беріліспен жұмыс істеңіз. Кескіш дискіге қысым түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанда кескіш дискіні тоқтатпаңыз.
Электр құралын әрқашан айналу бағытына қарсы жүргізу керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі туындайды. Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.
- Тасты материалдарды тас/бетонға арналған байланыстырылған кескіш дискілермен немесе алмас кескіш дискілермен кескен кезде әрдайым кесуге арналған бағыттауыштары бар сорғыш қаптаманы (23), кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (8) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен бірге пайдаланыңыз (11).
- Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
- Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
- Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу үшін пайдалануға болады.
- Кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (8), ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7) монтаждалған ажарлауға арналған қаптамамен (11) бірге бетон немесе кіркіш қалауда кесу және ажарлау әрекеттері үшін пайдаланған кезде, асқын шаң жүктемесі пайда болады және кері соққыға әкелуі мүмкін электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылудың артқан қаупі туындайды.
Тасты кесу үшін алмас кескіш дискілерді пайдаланған жөн.
Бағыттауыштары бар қорғаныш қаптаманы (23) пайдалану үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты пайдалану керек. Bosch арнайы шаңсорғыштарды ұсынады.
Электр құралын өшіріңіз және бағыттауыштардың алдыңғы бөлігімен бөлшекке орнатыңыз. Электр құралын біркелкі, материалға сәйкес беріліспен жылжытыңыз.
Құрамында қиыршық тас өте көп болатын аса қатты материалдарды, мысалы, бетонды өңдеу кезінде алмас кескіш диск қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас кескіш дискідегі ұшқын осыны білдіреді.
Осы жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас кескіш дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және пайда болатын ұшқын алмас кескіш дискінің дөкір болғанын білдіреді. Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
- Пластик, композиттік материалдар және т.с.с. материалдарды байланыстырылған кескіш дискілермен немесе Carbide Multi Wheel кескіш дискілерімен кескен кезде әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (8) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (11) бірге пайдаланыңыз. Бағыттауыштары бар сорғыш қаптаманы (23) пайдалану арқылы шаңның жақсырақ сорылуына қол жеткізесіз.
- Құрғақ алмас бұрғылау коронкаларын пайдаланыңыз.
- Алмас бұрғылау коронкаларымен жұмыстар өткізу үшін әрдайым қол қорғанысын (16) монтаждаңыз.
Алмас бұрғылау коронкасын дайындамамен параллель етіп орнатпаңыз. Дайындаманы еңкейтіп және айналмалы қозғалыстармен батырыңыз. Ослайша алмас бұрғылау коронкасының оңтайлы суытылуына және ұзақ жарамдық мерзіміне қол жеткізесіз.