Функциялар

 Айналу жазықтығының ішінде сызықты/нүктені бұрау (A суретін қараңыз)

Өлшеу құралының көлденең күйінде лазер сәулесін немесе лазер нүктесін лазердің айналу жазықтығының ішінде орналастыруға болады. 360° шамасына бұрауға болады.

Ол үшін ротациялық бастиекті (10) қолмен қажетті күйге бұраңыз немесе қашықтан басқару құралын пайдаланыңыз: сағыт тілінің бағытымен бұрау үшін қашықтан басқару құралының сағыт тілінің бағытымен бұрау түймесін (23), ал сағат тілінің бағытына қарсы бұрау үшін қашықтан басқару құралының сағат тілінің бағытына қарсы бұрау түймесін (24) басыңыз. Ротациялық режимде түймелердің басылуы еш әсер етпейді.

 Айналу жазықтығын тік күйде бұрау (B суретін қараңыз)

Өлшеу құралының тік күйінде лазер нүктесін, лазер сызығын немесе айналу жазықтығын оңай теңестіру немесе параллельді туралау үшін ±8% шамасындағы диапазонда тік ось бойынша бұрауға болады.

Сағыт тілінің бағытымен бұрау үшін қашықтан басқару құралының сағыт тілінің бағытымен бұрау түймесін (23) басыңыз.

Сағыт тілінің бағытына қарсы бұрау үшін қашықтан басқару құралының сағыт тілінің бағытына қарсы бұрау түймесін (24) басыңыз.