Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
- Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Жұмыс шамын қосу үшін ажыратқышты (1), ауыстырып-қосқышта көрсетілетіндей алға жылжытыңыз. Жұмыс шамы тікелей жұмыс аймағындағы көру мүмкіндігін жақсартады.
- Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (1), ауыстырып-қосқышта "I" көрсетілетіндей, әр қарай алға жылжытыңыз.
Электр құралын және жұмыс шамын өшіру үшін ажыратқышты (1), ауыстырып-қосқышта "0" көрсетілетіндей артқа жылжытыңыз.
Нұсқау: Егер өлшеу құралы аккумулятор заряды ада болғандықтан өшсе, онда оны қосқыш/өшіргішпен (1) өшіріңіз.
Электр құралды қайта қосар алдында аккумуляторды зарядтаңыз немесе суытыңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (5) қажетті тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
"6" тербелістер санының деңгейі ағаш немесе металл сияқты қатты материалдарды аралау және кесу үшін ұсынылады. "4" тербелістер санының деңгейі пластик сияқты жұмсақ материалдарды ажарлауға немесе өңдеуге арналған.
Назар аударыңыз: алмалы-салмалы аспаптардағы немесе олардың орауышындағы максималды тербелістер саны туралы мәліметтерді ескеріңіз. Ажарлауға және тасты алмалы-салмалы аспаптар сияқты алмалы-салмалы аспаптармен ең көбі "4" тербелістер санының деңгейінде жұмыс істеңіз. Тым үлкен тербелістер саны алмалы-салмалы аспаптардың тозуын ұлғайтады немесе алмалы-салмалы аспаптардың мезгілсіз істен шығуына әкелуі мүмкін.