Сыртқы аудио көздерін Bluetooth® арқылы ойнату/басқару

<Bluetooth> опциясын аудио көзі ретінде таңдаңыз. Ол үшін Bluetooth® түймесін (7) де қысқаша басуға болады.

Байланыс сәтті орнатылғаннан кейін, көтерілуші дыбыстық сигнал беріліп, аудио көзінің (e) индикаторында  белгісі пайда болады. Байланыс үзілсе немесе аяқталса, төмендеуші дыбыстық сигнал беріліп,  белгісі өшіп қалады.

Bluetooth® арқылы қосылған құрылғының атауы көп функциялы индикатордың (l) жоғарғы жолағында көрсетіледі. Астыңғы жолақта қосылған құрылғыдан таратылатын мәтін көрсетіледі.

Аудио көзінен ойнатуды бастаңыз. Аудио көзін радио қабылдағыш арқылы да басқаруға болады:

Егер Bluetooth® арқылы жұмыс режимінде бағдарламаны сақтау түймелерінің (6) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет пайдаланылған радио жұмыс режимінде сақталған таратқышқа ауысады.