Қосу/өшіру

Радио қабылдағышты қосу үшін қосу/өшіру түймесін (11) басыңыз. Дисплей (2) іске қосылып, радио қабылдағышты соңғы рет өшірген кезде, реттелген аудио көзі ойнатылады.

Радио қабылдағыштың маңызды реттеулері әркез дисплейдің күй индикаторында (k) көрсетіледі.

Егер 2 мин ішінде радио қабылдағыштағы ешбір түйме басылмаса, дисплейдің көп функциялы индикаторында (l) тек ағымдағы уақыт көрсетіледі. Кез келген түймені басқаннан кейін, дисплей қайтадан кеңейтілген индикацияны көрсетеді.

Радио қабылдағышты өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (11), дисплей өшкенше басыңыз. Аудио көзінің ағымдағы реттеуі жадта сақталады.

Радио қабылдағыш мына жағдайларда 20 мин кейін автоматты түрде өшіп қалады: