Дыбыс деңгейін реттеу

Радио қабылдағышты қосқаннан кейін, әрдайым төмен дыбыс деңгейі орнатылады.

Дыбыс деңгейін көтеру үшін дыбыс деңгейін реттеу түймесін (5) сағат тілінің бағытымен, ал дыбыс деңгейін төмендету үшін – сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Дыбыс деңгейінің реттеуі бірнеше секундқа дисплейде көрсетіледі.

Дыбысты өшіру үшін дыбыс деңгейін реттеу түймесін (5) қысқаша басуға болады. Дисплейде дыбысты өшіру индикаторы (a) пайда болады.

Дыбысты қайта қосу үшін дыбыс деңгейін реттеу түймесін не қысқаша басыңыз, не айналдырыңыз.