Пайдалануға ендіру

Тіреуіш аяқты (5) абайлап ашып, аккумуляторлық шамды түбіне қойыңыз. Берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Штатив бекіткішінің (7) көмегімен аккумуляторлық шамды штативке бұрап бекітуге болады.

5/8" бұрандаларды берік қатайтыңыз. Штативтің берік орнатылғанына көз жеткізіңіз.

(4) жарық басы (8) тұтқасында бекітілген. Жарық басын тұтқа көмегімен бес күйде реттеу керек.

Пайдалануға ендіру үшін аккумуляторлық фонарьдың қосқышын/өшіргішін (1) басыңыз.

Аккумуляторлық фонарьды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (1) қайтадан басыңыз.

Қосқыш/өшіргішті (1) қысқа басып, аккумуляторлық фонарьді максималды жарықтықпен қосыңыз. Керекті жарық көлемі жетілгенше қосқыш/өшіргішті (1) 2 басқышта басып, ұстап жарықтықты сәйкестендіріңіз.

Рұқсат етілген жұмыс температурасынан өту алдымен жарықтықты төмендетіп, сосын аккумуляторлық фонарьді қорғау үшін өшіреді. Аккумуляторлық фонарьды суытып қайта қосыңыз.

  • Шығарған кезде батарея бөлімінің (12) зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
  • Түймелі элементтің плюс полюсі жоғары қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.

Түймелі элемент (11) толығымен істен шыққанша, қолданбада ескерту көрсетіледі.

Түймелі элементті (11) алмастыру үшін аккумулятор қақпағының бекіткішін (2) босатып, аккумулятор қақпағын (3) ашыңыз.

Батарея бөлімі қақпағының бұрандасын (9) босатып, батарея бөлімінің қақпағын (10) шығарыңыз.

Заряды таусылған түймелі элементті шығарып, жаңасын салыңыз.

Батарея бөлімінің қақпағын бұрандамен қайтадан жабыңыз.