Шаңды/жоңқаны сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жиектерді фрезерлеуге арналған жоңқа қорғанысын/сору адаптерін монтаждау (N-O суреттерін қараңыз)

Жиектерді фрезерлеуге арналған жоңқа қорғанысын (30) және сору адаптерін (32)/(33) домалақ тірек тақтасымен (7) және қосымша шарша және D пішінді тірек тақталарымен (керек-жарақ) бірге пайдалануға болады.

Жиектерді фрезерлеуге арналған жоңқа қорғанысы (30) жиектерді фрезерлеуге арналған сору адаптерімен (32) бірге пайдалануға арналған. Осылайша жиектерді фрезерлеу кезінде шаңның барыншы сорылуы қамтамасыз етіледі.

Жиектерді фрезерлеуге арналған жоңқа қорғанысын (30) жеткізілім жиынтығындағы бұрандамен монтаждап, оны құрастырылған негізге (2) шерту дыбысымен бекітіңіз.

Жиектерді өңдеу үшін жиектерді фрезерлеуге арналған жоңқа қорғанысына (30) қоса сору адаптерін (32) де пайдалануға болады.

Сору адаптерін (32) бұрандамен (18) бекітіңіз.

Жылтыр тегіс беттерді өңдеу үшін сору адаптерін қайтадан алып тастаңыз.

Сору адаптерін (33) дайындаманың үстіңгі бетіндегі фрезерлеу жұмыстары үшін пайдалануға болады.

Сору адаптерін (33) жеткізілім жиынтығындағы бұрандамен монтаждап, оны құрастырылған негізге (2) шерту дыбысымен бекітіңіз.

Шаңсорғышты жалғау

Сорғыш шлангіні (Ø 35 мм) (керек-жарақ) монтаждалған сору адаптеріне орнатыңыз. Сорғыш шлангіні шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз.

Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі керек.

Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң түрлері үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.