Іске қосу

Айналу жиілігінің айналмалы реттегіші (3) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады.

Реттегіш дөңгелектің күйі

Айналу жиілігі
[мин-1]

1−2

10000−14000

Төмен айналу жиілігі

3−4

18000−24000

Орташа айналу жиілігі

5−6

26000−30000

Жоғары айналу жиілігі


Төмендегі кестеде көрсетілген мәндер шамамен берілген. Қажетті айналу жиілігін материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Материал

Фреза диаметрі [мм]

Реттегіш дөңгелектің күйі

Қатты ағаш (шамшат)

4−10
12−20
> 20

5−6
3−4
1−2

Жұмсақ ағаш (қарағай)

4–10
12−20
> 20

5−6
3−6
1−3

Жоңқа тақталар

4−10
12−20
> 20

3−6
2−4
1−3

Пластик

4−15
> 15

2−3
1−2

Төмен айналу жиілігімен ұзақ уақыт жұмыс істегеннен кейін электр құралын суыту үшін біраз уақыт ең жоғары айналу жиілігімен бос жүріс күйінде айналдыру қажет.

Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (11) I күйіне орнатыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (11) 0 күйіне орнатыңыз.

Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде айналу жиілігін тұрақты дерлік деңгейде сақтайды және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.