Жұмыс істеу қағидасы (A суретін қараңыз)

Өлшеу құралы арқылы датчик аймағының (11) астыңғы беті A өлшеу бағытымен максималды анықтау тереңдігіне дейін зерттеледі.

Әр өлшеу процесі кезінде металл заттар (мысалы, мыс құбыр немесе арматуралық болат) және кернеулі сымдар (50–60 Гц) автоматты түрде ізделеді.

Өлшеу құралын зерттелетін бетке қойыңыз. Жарық сақинасы (2) өлшеуге дайындықты көрсету мақсатында жанады.

Өлшеу құралын тұтқа бетінен (8) біркелкі берік ұстап тұрыңыз.Тұтқаны өлшеу барысында өзгертпеңіз, әсіресе датчик аймағына (11) жанаспаңыз.

Өлшеу құралын әрдайым көтермей немесе қысу күшін өзгертпей, сәл басу арқылы астыңғы беттің үстінен B бағыты бойынша тігінен жылжытыңыз. Өлшеу құралының қозғалысы негізінен ізделетін нысанға көлденең болуы керек. Егер қабырғадағы нысанның бағытын білмесеңіз, онда көлденең айқас өлшем жасаңыз (B суретін қараңыз).

Орналасу индикаторлары:

  • Датчик аймағында ешқандай нысан анықталмаса, жарық сақинасы (2) жасыл түспен жанады және ешқандай дыбыстық сигнал берілмейді.
  • Өлшеу құралы нысанға жақындаған жағдайда, жарық сақинасы (2) қызыл түспен жанады. Әрі қарай жақындаған сайын, дыбыстық сигнал ырғағы жылдамдап кетеді.
  • Нысан ортасының үстінде нысан ортасының индикаторлары (1) жанып, ұзақ сигнал беріледі. Жарық сақинасы (2) қызыл түспен жанып тұрады.
  • Өлшеу құралы нысаннан алыстаса, нысан ортасының индикаторлары (1) сөніп, дыбыстық сигнал ырғағы баяулап кетеді.

Алғашқы жылжыту кезінде нысанның ортасы мен жиектері шамамен көрсетіледі.
Нысанның ортасын нақты анықтау үшін, өлшеу құралын нысан қайта көрсетілгенше нысан бағытына көтермей жылжытыңыз (нысан ортасының индикаторлары (1) жанады).
Нақты нысан жиектері үшін өлшеу құралын нысан ортасынан Жарық сақинасының (2) қызыл түспен жануы тоқтағанша тігінен жылжытыңыз.

Кернеу өткізгіш сым табылса, кернеу өткізгіш сымдардың индикаторы (4) жанады.

Металл нысан (мысалы, арматуралық болат, мыс құбыр) табылса, металл нысан индикаторы (5) жанады.

Белгілеу саңылауы (3) өлшеу ортасының үстіңгі жаңында орналасқан.Бұл жерде нысанның ортасын немесе жиектерін қажетінше белгілеуге болады.

Нұсқау: нысанды белгілеу саңылауы (3) арқылы белгілегеннен кейін (мысалы, қарындашпен) жаңа өлшеуді бастау қажет, себебі қарындаш өлшемге әсер етуі мүмкін.

  • Сым кернеу астында болуы тиіс. Сондықтан қуат тұтынушыларын (мысалы, шамдар, құрылғылар) іздеу өткізілетін қуат сымына жалғаңыз. Қуат сымының кернеу астында болғанына көз жеткізу үшін қуат тұтынушыларын қосыңыз.
  • Ток сымының 50–60 Гц сигналы өлшеу құралына жетуі қажет. Егер сым ылғалды қабырғаларда (мысалы, ауа ылғалдылығы > 50%), металл үлдірлердің (мысалы, жылу оқшаулағыштар) артында немесе металл қорғаныш құбырда орналасса, сигналы өлшеу құралына жетпейді және сымды анықтау мүмкін болмайды.
  • Өлшеу құралы жақсы жерге тұйықталған болуы тиіс. Ол үшін тұтқа бетінен (8) (қолғапсыз) берік ұстаңыз. Жермен жақсы байланыстың бар болғанына көз жеткізіңіз. Оқшауланған аяқ киім, саты немесе платформалар байланысқа кедергі келтіре алады. Еденнің өзі жерге тұйықталған болуы тиіс, әйтпесе сымның орнын анықтау мүмкін болмайды.
  • Ток сымының 50–60 Гц сигналы сым арқылы тікелей қоршаған ортадан күшті болуы тиіс. Егер қабырға тым дымқылнемесе нашар жерге тұйықталған болса, сигнал бүкіл қабырға бойынша бірдей күшке ие болады. Сонда өлшеу құралы үлкен аймақ бойынша сигналдың табылғанын көрсетеді, алайда сымның орнын дәл анықтау мүмкін болмайды.
    Мұндай жағдайда сигналды қабырғадан ығыстыру үшін бос қолыңызды қабырғадағы өлшеу құралынан 20–30 см аралықта ұстау көмектесуі мүмкін. Дегенмен өлшеу процесі кезінде бос қолдың орнын өзгертуге болмайды.
  • Әртүрлі фазалардың сигналы бірін-бірі бейтараптандыратындықтан, көпфазалы ток сымдары (айнымалы ток немесе жоғары кернеулі ток ретінде белгілі) кернеу өткізгіш сым ретінде анықталмайды.Көпфазалы ток сымдарын таяз тереңдікте, бірақ металл зат ретінде табуға болады.
  • Белгілі бір тақтайлар сияқты ток өткізгіш қабырға үсті ток сымдарының көрсетілмеуіне және Жарық сақинасының (2) үлкен аймақта қызыл түспен жануына әкелуі мүмкін.
  • Көлденең жатқан ток сымдарын (ең көбі 2–3 см тереңдікке дейін) металл зат ретінде көрсетуге болады. Дегенмен бұл шиыршықталған кабельге қатысты емес.
  • Қабырғаларда, төбелерде немесе едендерде бұрғылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын ток тұтынушыларын өшіріп, ток өткізгіш сымдарды ажыратыңыз. Барлық жұмыстардан кейін астыңғы бетте тұрған заттар кернеу көзіне қосылмағанын тексеріңіз.

  • Жалпақ нысандарды Жарық сақинасының (2) кең аймақта жануынан анықтауға болады.Жалпақ нысандар толық көлемде көрсетілмейді.
  • Қабырғаны бұрғылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын басқа ақпарат көздері арқылы қауіптерден сақтануыңыз қажет. Өлшеу нәтижелеріне қоршаған орта әсерлері немесе қабырға сипаты ықпал етуі мүмкін болғандықтан, ешқандай дыбыстық сигнал берілмесе де және жарық сақинасы (2) жасыл түспен жанып тұрса да, қауіп туындауы мүмкін.