Зарядтау процесі
- Желі кернеуіне назар аударыңыз! Тоқ көзінің кернеуі қуаттандыру құралының зауыттық тақташасындағы мәндеріне сай болуы тиіс.
- Зарядтау науасы (3) мен аккумулятор контактілерінде қатты кірдің жоқ екенін тексеріңіз. Аккумулятордың толығымен қосылғанына көз жеткізіңіз.
Зарядтау процесі зарядтау құрылғысының қуат ашасын розеткаға жалғанғанда және аккумулятор зарядтау науасында (3) салынған бойда басталады.
- Зарядтау процесі тек аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температурасының ауқымында (0–45°C) болса қолжетімді.
Аккумулятордың зарядтау күйі интеллектуалды зарядтау процесі арқылы автоматты түрде анықталады және аккумулятор температурасы мен кернеуіне байланысты оңтайлы сыйымдылық тогымен зарядталады.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Үздіксіз немесе көп реттік зарядтаулардан соң зарядтау құралы қызып кетуі мүмкін. Бұл қауіпті емес және зарядтау құралында техникалық ақау барын білдірмейді.