Штепсельдік қуат блогы бойынша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Осы штекерлік қуат блогын балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар пайдаланбауы тиіс. Осы штекерлік қуат блогын 8 жастан асқан балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты адамның бақылауында болған және штекерлік қуат блогын қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау алып, қатысты тәуекелдерді түсінген жағдайда ғана пайдалана алады. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақат алу қаупі туындайды.
Штекерлік қуат блогын жаңбырдан немесе ылғалдан қорғаңыз. Штекерлік қуат блогының ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады.
- Штекерлік қуат блогын таза ұстаңыз. Құрылғының ластануы ток соғу қаупін тудырады.
- Штекерлік қуат блогын әр пайдалану алдында тексеріңіз. Зақымдарды байқасаңыз, штекерлік қуат блогын пайдаланбаңыз. Штекерлік қуат блогын өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқа бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған штекерлік қуат блогы ток соғу қаупін арттырады.