Пайдалануға ендіру
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр құралы тоқтатылып тұрғанда ғана пайдаланыңыз. Әйтпесе ол зақымдалуы мүмкін.
Оңға айналу: бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) алға жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) артқа жылжытыңыз.
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаның (3) көмегімен қажетті айналу моментін 7 қадам бойынша таңдауға болады. Реттелген айналу моментіне жеткенде, алмалы-салмалы аспаптың айналма қозғалысы тоқтап қалады.
1-қадам:
Шағын диаметрлі немесе жұмсақ дайындамадағы бұрандаларды бұрап кіргізуге арналған төменірек айналу моменті.
7-қадам:
Үлкен диаметрлі немесе қатты дайындамадағы бұрандаларды бұрап кіргізуге арналған жоғарырақ айналу моменті.