Жеткізілім жиынтығы
Жинақтағы барлық бөліктерді абайлап орауыштан шығарыңыз.
Бүтін орауыш материалын электр құрылғысы мен жинақтағы керек-жарақтардан алып тастаңыз.
Электр құралын алғаш рет іске қосудан бұрын төменде келтірілген бөліктердің барлығы жинақта бар-жоғын тексеріп шығыңыз:
- Ара дискісі орнатылған металл бөлгіш ара
- Алты қырлы дөңбек кілт / крест ойықты бұрауыш (12)
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін және қысылмағанын немесе бөліктердің зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.