Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
- Бекіткіш тетікті (18) және қысқыш дөңгелекті (45) аралаудан бұрын әрдайым мықтап тартыңыз. Әйтпесе ара төсемі дайындамада қисаюы мүмкін.
Жұмыс шамы таспа тікелей жұмыс аймағында көру мүмкіндігін жақсартады. Жұмыс шамын кесік сызығының таңбаламасымен бірге лазер сәулелері арқылы пайдаланып, айрықша жоғары аралау нәтижелеріне қол жеткізуге болады.
- Жұмыс шамын ажыратыштың (6) көмегімен қосыңыз.
- Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін.
Soft Start жүйесі электр құралын қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А сақтандырғышта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Нұсқау: егер электр құралы, қуат берілуі үзілгеннен кейін, бірден толық айналу жиілігімен жұмыс істесе, бұл Soft Start жүйесінің істен шыққанын білдіреді. Электр құралын қызмет көрсету орталығына жіберу керек.