Аккумуляторлық фонарьлар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
- Аккумулятормен немесе электр құралмен бірге берілетін бүкіл ескертулерді және нұсқаулықтарды оқып шығыңыз және орындаңыз.
- Аккумуляторлық фонарьды күтіп пайдаланыңыз. Аккумуляторлық фонарь қатты қызады, бұл өрт және жарылу қаупін арттырады.
- Аккумуляторлық батареямен жарылыс қаупі жоқ ортада жұмыс істеңіз.
- Автоматты өшуден кейін аккумуляторлық фонарьдің қосқышын/өшіргішін баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін. Аккумуляторлық фонарьді қосудан алдын аккумулятор зарядталғанын және аккумуляторлық фонарь суығанын қамтамасыз етіңіз.
- Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын пайдаланыңыз.
- Жарықтық көзін алмастыру мүмкін емес. Егер жарық көзі бұзылған болса, аккумуляторлық шамды алмастыру қажет болады.
- Аккумуляторлық фонарьмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ, аккумуляторлық фонарьды тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды алыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
- Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
- Жол қозғалысы кезінде аккумуляторлық фонарьды пайдаланбаңыз. Аккумуляторлық фонарь жолда жарықтандыруға арналмаған.
Аккумуляторлық шамдың барлық жарықтанған беттер мен заттарға дейін минималдық аралықты сақтаңыз. Аралық жетілмесе жарықтанған заттар қызып кетуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шам сәулесіне ұзақ уақыт бойы қарамаңыз. Оптикалық сәулелену көзге зиян тигізуі мүмкін. |
- Аккумуляторлық шамды пайдалану кезінде шамның жарық бастиегін жаппаңыз. Пайдалану кезінде шамның жарық бастиегі қызады және әбден қызса, күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |
- Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
- Пайдаланылмайтын аккумуляторлық шамдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Аккумуляторлық шаммен таныс емес немесе осы нұсқауларды оқымаған адамдарға оны пайдалануға жол бермеңіз. Аккумуляторлық шамдар тәжірібесіз адамдардың қолында қауіпті болады.
- Тұтқаны тек аккумуляторлық шамды тасымалдау және туралау үшін қолданыңыз. Радиатор жұмыс кезінде қызып кетуі мүмкін.