Пайдалану
- Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
- Өлшеу құралына айрықша температуралар немесе температура тербелістері әсер етпеуі тиіс. Оны, мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Үлкен температура тербелістерінің жағдайында өлшеу құралын қолданысқа енгізбес бұрын оның температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температуралар немесе температура тербелістерінің жағдайында өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін.
- Өлшеу құралының дұрыс акклиматизациясын қамтамасыз етіңіз. Температураның шұғыл өзгерістері орын алған жағдайда, акклиматизация уақыты 60 минутқа дейін созылуы мүмкін. Бұл жағдай, мысалы, өлшеу құралы суық автомобиль ішінде сақталып, содан кейін өлшеу әрекеті жылы ғимаратта орындалғанда, орын алуы мүмкін.
- Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан қорғаңыз. Қатты сыртқы әсерлерден кейін және функциялық қабілетінде ақаулар орын алса, өлшеу құралын өкілетті Bosch сервистік қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.