Қуатпен жабдықтау
Өлшеу құралы стандартты батареялармен не Bosch литий-иондық аккумулятормен жұмыс істейді.
Батарея адаптерімен (алынбалы) жұмыс істеу (A және B суретін қараңыз)
Батареялар батарея адаптеріне салынады.
- Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру камерасын пайдалануға арналған болып электр құралдарымен пайдалануға болмайды.
Батареяларды енгізу үшін батарея адаптерінің қабын (21) аккумулятор бөліміне (18) кіргізіңіз. Батареяларды суретте көрсетілгендей қаптағы жапқышқа (20) салыңыз. Жапқышты қап үстінен сезілетіндей тірелгенше жылжытыңыз.
Батареяларды шығару үшін жапқыштың (20) босату түймелерін (19) басып, жапқышты тартып шығарыңыз. Батареялардың шығып кетпегеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін өлшеу құралын, аккумулятор бөлімін (18) жоғары қаратып, ұстаңыз. Батареяларды шығарывп алыңыз. Іштегі қапты (21) аккумулятор бөлімінен шығару үшін қапты ұстап алыңыз да, бүйірлік қабырғасын азғантай басу арқылы өлшеу құралынан тартып шығарыңыз.
Нұсқау: батареяны шығарып алу үшін бұрауыш сияқты құрал пайдаланбаңыз. Әйтпесе корпус сынуы мүмкін.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
- Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Аккумулятормен пайдалану (C суретін қараңыз)
Нұсқау: Өлшеу құралыңызға арналмаған аккумуляторды пайдалану өлшеу құралының қате жұмыс істеуіне немесе зақымдануына алып келуі мүмкін.
- Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий-иондық аккумулятормен сәйкес.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Зарядталған аккумуляторды (23) енгізу үшін оны, ол сезілетіндей тіреліп, өлшеу құралының тұтқасымен жанасқанша, аккумулятор бөліміне (18) кіргізіңіз.
Аккумуляторды (23) шығару үшін босату түймелерін (19) басып, аккумуляторды аккумулятор бөлімінен (18) тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.