Кесу машинасының қауіпсіздік нұсқаулары
- Қорғағыш электр құралына қатты орнатылып максималды қауіпсіздік үшін орналасуы қажет, осылай дөңгелектің минималды көлемі пайдаланушыға қарап тұрады. Өзіңізді және басқа адамдарды айналып тұрған дөңгелек аймағынан алыстатыңыз. Қорғағыш пайдаланушыны сынған дөңгелек бөлшектерінен және дөңгелекке кездейсоқ тиюден қорғайды.
- Осы электр құралы үшін тек күшейтілген кесу дөңгелектерін немесе алмасты кескіш дөңгелектерді пайдаланыңыз. Керек- жарақтардың электр құралыңа сай келуі оның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете бермейді.
- Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр құралында көрсетілген максималды айналымдар санына тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.
- Дөңгелектерді тек ұсынылған пайдалану түрлеріне сай қолдануы керек. Мысал: кесуші дөңгелек шетімен майдаламаңыз. Кесуші·дөңгелектер материалды шетімен кесуге арналған,·Дөңгелектерге·әсер ететін бүйірлік күштер ықпалынан олар сынуы мүмкін.
- Таңдалған дөңгелек үшін əрдайым зақымдалмаған диаметрі сай ернемекті пайдаланыңыз. Дұрыс таңдалған ернемектер тегістеу дөңгелегінің тірегі болады және оның сыну қаупінің алдын алады.
- Үлкенірек электр құралдарының тозған күшейтілген дөңгелектерін пайдаланбаңыз. Үлкен электр құралдарына арналған дөңгелектер кішірек аспаптың жоғарырақ жылдамдығына арналмаған болып, жарылуы мүмкін.
- Пайдаланатын жұмыс құралының сыртқы диаметрі мен қалыңдығы электр құралының өлшемдеріне сай болуы керек. Дұрыс таңдалмаған керек – жарақтар дұрыс қорғалмауы жəне бақылаудан шығуы мүмкін.
- Дөңгелектер мен ернемектерді қондыру орнының өлшемдері электр құралының шпинделіне сай болуы тиіс. Электр құралындағы бекітпеге сай болмайтын дискілер мен ернемектер, қондыру орны өлшемлері теңгерімнен шығып, қатты тербеліп, құралдың бақылаудан шығуына əкеледі.
- Зақымдалған дискілерді пайдаланбаңыз. Әр пайдаланудан алдын дискілерді сынық пен жарықтарға тексеріңіз. Егер электр құралы немесе дөңгелек түсіп кетсе, оның зақымдалмағанын тексеріңіз немесе зақымдалмаған дөңгелекті орнатыңыз. Дискілерді тексеріп орнатудан соң, өзіңізді және басқа адамдарды айналып тұрған дискі аймағынан алыстатып, электр құралын максималдық жүктеусіз жылдамдықпен бір минут айналдырыңыз. Зақымдалған дискілер әдетте сынақ уақытында сынады.
- Жеке қорғаныс құралдарын (қауіпсіздік көзілдірігін, қорғаныс қалқаны, бас киім және т.б.) пайдаланыңыз. Пайдалануға байланысты қорғағыш масканы, қауіпсіздік көзілдіріктерін қолданыңыз. Керек болғанда, шаң маскасын, құлақ қорғағыштарын, қолғап және кіші абразивті бөлшектерді немесе дайындама бөлшектерін ұстай алатын шеберхана алжапқышын пайдаланыңыз. Түрлі жұмыстар барысында пайда болатын ұшатын бөтен бөлшектерден қорғайтын қауіпсіздік көзілдірігін пайдаланыңыз. Шаң маскасы немесе респиратор ұсақ бөлшектерден, шаңнан қорғауы керек. Ұзақ шулар есту қабілетін жоғалтуға әкелуі мүмкін.
- Бөтен адамдардың жұмыс аймағынан қауіпсіз аймақта болуын қамтамасыз етіңіз. Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғағыш жабдықтарды киюі керек. Дайындама бөлшектері немесе сынған дискілер ұшып, әрекет аймағынан тыс жайда жарақат тигізуі мүмкін.
- Кескіш керек-жарақтың жасырын сымдарға тиюіне әкелуі мүмкін әрекетті орындау кезінде электр құралын оқшауланған беттерінен ғана ұстаңыз. Егер кескіш керек-жарақ ток көзіне қосылған сымға тисе, электр құралының ашық металл бөлшектері ток өткізіп, пайдаланушыға ток соғуы мүмкін.
- Айналып тұрған аспап толық тоқтағанша электр құралын қоймаңыз. Айналып тұрған керек-жарақтар бетке тиіп, электр құралы бақылаудан шығуы мүмкін.
- Электр құралын қасыңызда көтеріп тұрғанда қоспаңыз. Айналып тұрған аспаптарға кездейсоқ тию киіміңізді ұстап, аспапты денеңізге жақын апаруы мүмкін.
- Электр құралының желдету саңылауларын жиі тазартыңыз. Қозғалтқыш желдеткіші шаңды корпус ішінде тартып, ұнтақталған металдың көп жиналуы электрленуге алып келі мүмкін.
- Электр құралын жанатын материалдарға жақын пайдаланбаңыз. Ұшқындар осы материалдарды тұтандыруы мүмкін.
Кері соққы және тиісті ескерту нұсқамалары
Кері соққы - айналып тұрған дөңгелектің тұтылуы немесе бұғатталуы нәтижесінде пайда болатын кенет реакция. Соғу немесе ұстау айналып тұрған дөңгелектіңқұлап кетуіне және электр құралының бақылаусыз айналуына, қарсы бағытта айналуына алып келеді.
Мысалы, егер кесу дөңгелегі дайындамада тұтылса немесе бұғатталса, сол жерде қысылып, дөңгелектің дайындамадан шығуына немесе кері соққыға алып кетуі мүмкін. Дөңгелек пайдаланушыға тиюі немесе одан әрі ұшуы мүмкін, бұл дөңгелек әрекетінің бағытына байланысты. Абразивті дөңгелектер осы жағдайда сынып кетуі де мүмкін.
Кері соққы электр құралын дұрыс пайдаланбаудан·немесе пайдаланушы қателігінен туындауы ықтимал. Төменде ұсынылған жағдайларды сақтау арқылы оның алдын алуға болады.
- Электр құралын мықтап ұстаңыз, денеңіз бен қолыңыз кері соққыға қарсылық көрсете алатын күйде ұстаңыз. .Әрдайым қосымша тұтқадан ұстаңыз, бар болса, осылай іске қосу кезінде қайтарым немесе айналу кезінде максималды бақылау болады. Пайдаланушы айналу реакциялары мен қайтарыс күштерін алдын ала көруі мүмкін.
- Қолыңызды ешқашан айналып тұрған аспапқа жақындатпаңыз. Аспап қолыңызға қайтарым жасауы мүмкін.
- Денеңізді айналып тұрған дискімен бір сызыққа орналастырмаңыз. Қайтарым құралды қысылу кезінде дөңгелек айналуына қарсы бағытта апарады.
- Бұрыштарды, өткір шеттерді өңдегенде аса сақ болыңыз. Аспапты соқпаңыз немесе қыспаңыз. Бұрыштар, өткір шеттер немесе сырғу айналып тұрған аспаптарды қысып, бақылаудың жоғалтуына немесе қайтарымға алып келуі мүмкін.
- Аралау шынжырын, ағаш кесетін жүзді, шеттік аралығы 10 мм-ден ұзын болған сегменттелген алмасты диск немесе тісті ара жүзін орнатпаңыз. Мұндай жұмыс құралдары кері соққыға немесе электр құралын бақылауды жоғалтуға алып келеді.
- Дискіні қыспаңыз немесе оны қатты баспаңыз. Кесікті тереңдетуге әрекет жасамаңыз. Дөңгелекке қатты басу жүктемені жəне дөңгелекті кесікте бұрауға немесе байланыстыруға сезімтал болуын жəне кері соққының немесе дөңгелек сынуының ықтималдығын арттырады.
- Дөңгелек қысылса немесе кез келген себептен кесуді тоқтатса, электр құралын өшіріп, дөңгелек толығымен тоқтағанша электр құралына тимеңіз. Диск істеп тұрғанда оны алып қоюға əрекет жасамаңыз, əйтпесе кері соққы пайда болады. Дөңгелек қысылуының себебін жою үшін себебін іздеп дұрыстаңыз.
- Құрал дайындамада тұрғанда электр құралын қайта қоспаңыз. Кесуді бастамас бұрын, алдымен дөңгелекті толық айналым санына жеткізіп алыңыз. Әйтпесе, кескіш диск тұтылып, дайындамадан көтеріліп кетуі немесе қері соққыға әкелуі мүмкін.
- Тірек панельдері немесе кез келген тым үлкен дайындама дөңгелек қысылуы мен қайтарымның алдын алу үшін. Үлкен дайындамалар өз ауырлығынан иілуі мүмкін. Дайындама кесу сызығына жақын жəне дөңгелектің екі жағынан да тірелуі керек.
- Бар қабырғаларда кіші кесікті немесе басқа көрінбейтін аймақтарда орындауда абайлаңыз. Шығып тұрған дөңгелек газ немесе су құбырларын, электр сымдарды немесе нысандарды кесуі мүмкін, ал бұл қайтарымға алып келуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Құлақты қорғау құралдарын, қорғаныш көзілдірікті, шаңтұтқыш пен қолғаптарды киіңіз. Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты пайдаланыңыз.
- Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады.
- Жұмыстан соң кесу дискісін сұығанша тимеңіз. Кесу дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
- Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |