Тағайындалу бойынша қолдану
Бұл электр құралы бұрандаларды бұрап бекіту және бұрап босату, сондай-ақ, ағаш, метал және пластмассаны бұрғылауға арналған.
Электр құралын тікбұрышты саптамамен (GFA 18-W), металл бұрғылау патроны бар тікбұрышты саптамамен (GFA 18-WM), эксцентриктік саптамамен (GFA 18-E), бұрғылау патронының саптамасымен (GFA 18-B), металл бұрғылау патронының саптамасымен (GFA 18-M) немесе перфоратор саптамасымен (GFA 18-H) бірге пайдалануға болады.
Электр құралының деректері мен реттеулерін Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 / GCY 42 NC пайдаланылған кезде Bluetooth® радио технологиясы арқылы электр құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасында тасымалдауға болады.