Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық нұсқауларды оқып шығып, орындау керек. Тексеру камерасы берілген нұсқауларға сай пайдаланылмаса, бұл тексеру камерасына кіріктірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етуі мүмкін. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ТҮРДЕ САҚТАҢЫЗ.
- Тексеру камерасын тек білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Осылайша тексеру камерасының қауіпсіздігі сақталады.
- Тексеру камерасын жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң болатын жарылыс қаупі бар ортада пайдаланбаңыз. Тексеру камерасы ұшқын шығарып, шаңды немесе буды тұтандыруы мүмкін.
- Тексеру камерасында кез келген жұмыстарды (мысалы, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ тексеру камерасын тасымалдау және сақтау кезінде оның ішінен аккумуляторды шығарып алыңыз.
- Тексеру камерасын ұзақ уақыт пайдаланбайтын жағдайда ішінен батареяларды шығарып алыңыз. Тексеру камерасында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареяларды тот басуы мүмкін.
- Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
- Тексеру камерасын қолдану алдында жұмыс аймағын тексеріңіз. Тексеру камерасының ешбір бөлігіне электр сымдарын, жылжымалы бөліктерді немесе химиялық заттарды тигізуге болмайды. Жұмыс аймағында өткізілген электр сымдарының электр тізбегін үзіңіз. Мұндай шаралар жарылыс, ток соғу және мүлікке зақым келтіру қаупін азайтады.
- Жұмыс аймағында денсаулыққа зиянды заттектер болғанда, қорғаныш көзілдірік, қорғаныш қолғап немесе респиратор сияқты жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Су ағызу каналдарында немесе ұқсас аймақтарда улы, жұқпалы, ащы немесе денсаулыққа басқа жолмен зиян келтіретін қатты, сұйық немесе газды заттектер бар болуы мүмкін.
- Денсаулыққа зиянды заттектер орналасқан аймақтарда жұмыс істегенде тазалыққа айрықша назар аударыңыз. Жұмыс кезінде тамақ ішпеңіз. Денсаулыққа зиянды заттектерге тимеңіз және жұмыс істегеннен кейін қолыңызды және заттектермен жанасуы мүмкін басқа дене мүшелерін ыстық сілті ерітіндісімен тазалаңыз. Осылайша денсаулыққа зиян келтіру қаупі азаяды.
- Тексеру камерасын пайдаланған кезде суда тұрмаңыз. Суда жұмыс істегенде, ток соғу қаупі туындайды.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
- Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
- Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |
ЕСКЕРТУ
Түймелі элемент балалардың қолына түспеуін қамтамасыз етіңіз. Түймелі элементтер қауіпті.
- Түймелі элементтерді еш жағдайда жұтуға немесе денеге басқа жолдармен кіргізуге болмайды. Түймелі элемент жұтылған немесе денеге басқа жолмен кіріп кеткен жағдайда, дереу дәрігерге жолығыңыз. Түймелі элементтің жұтылуы 2 сағат ішінде іштей қатты күюге және өлімге әкелуі мүмкін.
Магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады. |
- Магнитті аксессуарды магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Аксессуарлар магниттерінің әсері қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін.