Қолданысқа енгізу

Электр құралын қосу үшін пайдаланушы интерфейсіндегі қосу/өшіру түймесін (1), пайдаланушы интерфейсі жанғанша басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (1) қайтадан басыңыз.

Электр құралы пайдаланылмаған кезде, 30 минуттан кейін автоматты түрде өшіп қалады.

Электр құралын шегелермен жабдықтау немесе бекіту алдында астыңғы беттің жарамдылығын тексеріңіз.

Астыңғы бет тегіс және қалдықтардан таза болуы керек.

Астыңғы бет материалының қаттылығын тексеру үшін шегені кернер ретінде пайдаланыңыз. Оны балғамен қатты қағу арқылы материалға кіргізіңіз. Нәтижені тексеріңіз:

  • Шеге ұшы дөкір: астыңғы бет тым қатты және жарамсыз, шеге секіріп кетуі мүмкін.
  • Материал жарылады немесе бөлінеді: астыңғы бет тым сынғыш және жарамсыз. Бөліктер өзіңізге немесе басқа адамдарға тиюі немесе шеге астыңғы бетке толықтай кіріп кетуі мүмкін.
  • Шеге балғамен қағылған кезде астыңғы бетке батып кетеді: астыңғы бет тым жұмсақ және жарамсыз, шеге астыңғы бетке толықтай кіріп кетуі мүмкін.
  • Шеге астыңғы бетте азғантай қуыс қалдырады: астыңғы бет бекіту үшін жарамды.

  • Электр құралын қосыңыз.
  • Іске қосу құрылғысын (6) құлыптан босату үшін құлыптан босату ажыратқышын (5) солға басыңыз (D суретін қараңыз).
  • Электр құралын тұтқасынан (7) берік ұстап тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.
  • Түйіспе элементін (17) астыңғы бетке тірелгенше басыңыз.
    Түйіспе элементі басылғанда, жұмыс шамы (19) жанып, жағымсыз жарық жағдайларында жұмыс орнын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
  • Содан кейін іске қосу құрылғысын (6) қысқа уақыт басыңыз да, жіберіңіз. Бұл ретте шеге астыңғы бетке қағып қондырылады.
  • Нұсқау: іске қосу құрылғысын (6) түйіспе элементін (17) басқаннан кейін 2 секунд ішінде басу қажет. Кері жағдайда электр құралы бекітілген күйге ауысып, қағу процесін жаңадан іске қосу қажет болады.
  • Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын астыңғы беттен толықтай шығарып, оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
  • Жұмыс үзілістерінде және жұмыс соңында іске қосу құрылғысын (6) бекітіңіз, ол үшін құлыптан босату ажыратқышын (5) оңға қарай басыңыз (D суретін қараңыз).

Нұсқау: түйіспе элементі (17) толықтай басылмаған немесе іске қосу құрылғысы (6) қағу процестерінің арасында жіберілмеген кезде, сақтандырғыш іске қосылуға жол бермейді.