Түйіспе элементін шығару/алмастыру (C суретін қараңыз)

Түйіспе элементін тазалау немесе алмастыру мақсатында шығарып алуға болады.

GNB 18V‑38: тек стандартты түйіспе элементін (17) пайдаланыңыз.

GNB 18V‑40: пайдалану мақсатына қарай жарамды түйіспе элементін пайдаланыңыз:

Аккумуляторды (10) шығарып алыңыз. Қорапты (12) босатып, шығарыңыз.

Түйіспе элементінің құлыптан босату тұтқасын (16) тартып, (17) немесе (23) түйіспе элементін электр құралынан тартып шығарыңыз.

Тазаланған немесе жаңа (17) немесе (23) түйіспе элементін электр құралына тірелгенше кіргізіңіз.