Фрезаны орнату (A суретін қараңыз)
- Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш қолғапты кию ұсынылады.
Фрезалар пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі нұсқалар мен сапа деңгейлерінде қолжетімді.
Жылдам кесілетін болаттан (HSS) жасалған қуатты фрезалар жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге жарамды.
Қатты құймалы (HM) кескіш жиекті фрезалар қатты ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті материалдарға арналған.
Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Тек ақаусыз және таза фрезаларды пайдаланыңыз.
- Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (6) сағат тілінің бағытына қарсы тірелгенше жылжытыңыз (➊). Қажет болса, қозғалтқыш шпинделін шерту дыбысымен тірелгенше қолмен бұраңыз.
- Салмалы гайканы (4) айыр тәрізді кілтпен (31) (кілт ені 19 мм) сағат тілінің бағытымен бұрап босатыңыз (➋).
- Фрезаны цангалы қысқышқа енгізіңіз. Фреза білігі қысқыш цангаға кемінде таңбаламаға дейін кіргізілуі тиіс.
- Салмалы гайканы (4) айыр тәрізді кілтпен (31) (кілт ені 19 мм) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап бекітіңіз. Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (6) толықтай жауып қойыңыз.
- Диаметрі 50 мм-ден үлкен болған фрезаларды орнатылған көшіру гильзасынсыз орнатпаңыз. Бұл фрезалар тірек тақтасынан өтпейді.
- Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе қысқаш зақымдануы мүмкін.