Іске қосу

GOF 1250 LCE: Қуат көзіне қосылғаннан кейін, дайындаманың бетіне жарық түсіру үшін жарық индикаторы (3) ұдайы жанып тұрады.

Батареяны енгізіңіз қараңыз Батареяны ауыстыру (GOF 1250 LCE) (M суретін қараңыз). Кейбір үлгілерде батарея алдын ала салынған болады. Батареяны іске қосу үшін таспасын алып тастаңыз.

(17) түймесімен қажетті өлшем бірлігін реттеңіз.

Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (28) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады.

1−2

Төмен айналу жиілігі

3−4

Орташа айналу жиілігі

5−6

Жоғары айналу жиілігі

Кестеде көрсетілген мәндер шамамен берілген. Қажетті айналу жиілігін материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Материал

Фреза диаметрі [мм]

Айналмалы реттегіш күйі

Қатты ағаш (шамшат)

4–10
12–20
22–40

5–6
3–4
1–2

Жұмсақ ағаш (қарағай)

4–10
12–20
22–40

5–6
3–6
1–3

Жоңқа тақталар

4–10
12–20
22–40

3–6
2–4
1–3

Пластик

4–15
16–40

2–3
1–2

Алюминий

4–15
16–40

1–2
1

Электр құралымен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату үшін шамамен 3 минутқа ең жоғары айналу жиілігін қосу керек.

Қосу алдында фрезерлеу тереңдігін реттеп шығыңыз.

Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (29) басып тұрыңыз.

Басылған ажыратқышты (29) бекіту үшін бекіту түймесін (2) басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (29) жіберіңіз немесе ол бекіту түймесімен (2) бұғатталған болса, ажыратқышты (29) қысқа уақытқа басып, сонан соң жіберіңіз.

Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде айналу жиілігін тұрақты дерлік деңгейде сақтайды және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.

Электрондық бір қалыпты іске қосу айналымдар санын шектеп қозғалтқыш мерзімін ұзартады.

Артық жүктемеден қорғаныс қатты жүктеме түскен жағдайда қуаттың тым көп тұтынылуына жол бермейді. Бұл қозғалтқыштың айналу жиілігі мен шығыс қуаттың азаюына, ал ең күрделі жағдайда қозғалтқыштың тоқтап қалуына әкелуі мүмкін.

Электр құралына жүктеме түсіргеннен кейін, қозғалтқыш бірден жұмыс айналу жиілігіне дейін көтеріледі немесе түсіріледі.

Қайта іске қосылудан қорғаныс қуат берілуі үзілгеннен кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол бермейді.

Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (29) өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

Құлыптан босату иінтірегін (23) бастапқы қалпына қайтару босатқан кезде автоматты түрде орындалады. Жақсырақ ұстау күшіне қол жеткізу үшін құлыптан босату иінтірегін (23) тірелгенше кері тарту керек. Ұстау күшін қажетінше қосымша реттеуге болады. Ол үшін алты қырлы дөңбек кілтті (4 мм) тұтқадағы саңылауға енгізіңіз. Ұстау күшін арттыру үшін алты қырлы дөңбек кілтті сағат тілінің бағытымен, ал азайту үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.