Іске қосу
- Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулінің қақпағы (13) жұмыс барысында жабық болғанын қадағалаңыз. Осылайша шаңның кіруіне жол бермейсіз.
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін құрама ауыстырып-қосқышты (7) пайдалануға болады.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшіп тұрғанда ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі мүмкін.
Нұсқау: ажыратқыш бұғатталған кезде, басқа жұмыс режиміне ауыссаңыз, электр құралы өшіп қалады.
- Жұмыс режимін ауыстыру үшін құрама ауыстырып-қосқышты (7) шерту дыбысымен тірелгенше қажетті күйге бұраңыз.
Бетон немесе тас бойынша соққымен бұрғылау күйі
GBH 18V-34 CF, ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патроны (1) бар: ағаш, металл, керамика мен пластик бойынша соққысыз бұрғылау күйі (оңға айналу)
Алмалы-салмалы аспапты дайындамадан босатуға арналған солға айналу күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock күйі.
Қашау күйі
Ажыратқышты (11) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп реттеуге болады.
Ажыратқышты (11) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы саны ұлғаяды.
Айналу жиілігін пайдаланушы интерфейсі немесе смартфон қолданбасы арқылы да реттеуге болады.
Қашауды 16 күйлерінде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
- Қашауды құрал бекіткішіне енгізіңіз.
- Құрама ауыстырып-қосқышты (7) "Vario-Lock" күйіне бұраңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне бұраңыз.
- Құрама ауыстырып-қосқышты (7) "Қашау" күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші бұғатталады.