Пайдалануға ендіру

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (2) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (3) басқанда бұл мүмкін емес.

Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (2) солға тірелгенше басыңыз.

Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (2) оңға тірелгенше басыңыз.

Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (3) басып тұрыңыз.

Басылған ажыратқышты (3) бекіту үшін бекіту түймесін (4) басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (3) жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (4) құлыптанған болса, ажыратқышты (3) қысқа уақыт басып жіберіңіз.

Қосқышты/өшіргішті (3) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге болады.

Қосқышты/өшіргішті (3) жай басқанда, электр құрал төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші күшейгенде айналу саны артады.