Пайдалану бойынша нұсқаулар

Таспалы ара төлкесінің (11) барынша көп тісі кесікте болуы үшін, дайындамаңыз үшін жарамды аралау қүйін таңдаңыз (J суретін қараңыз).

Электр құралын қосып, қозғалтқыштың қалаған айналу санына жеткенше күтіңіз. Электр құралын бағыттау көмекші құралымен (10) өңделетін бөлшекке қойып, таспалы ара төсемін (11) кесікке баяу батырыңыз.

Орташа қысыммен және бірқалыпты беріліспен жұмыс істеңіз.

Кесік жасау аяқталмас бұрын қысымды төмендетіңіз және электр құралын дайындамаға түспейтіндей етіп аздап көтеріңіз.

Аунақшадағы (17) таспалы ара төсемінің (11) биіктігін мерзімді түрде тексеріңіз. Таспалы ара төсемі мен аунақшаның үстіңгі шеті арасындағы қашықтық 3 мм шамасынан аспауы керек. Үлкен қашықтықта табақты ізді реттеу керек:

  1. Қарсысомынның табақты ізін (19) бүйірлі кілтпен (20) сағат тілінің бағытына қарсы босатыңыз.
  2. Табақты ізді реттеу үшін (21) бұранданы нарықта бар оймакілтекті бұрауышпен бір айналымға бұраңыз:
    Таспалы ара төсемін (11) түсіру үшін бұранданы (21) сағат тілінің бағыты бойынша бұрыңыз.
    Таспалы ара төсемін (11) көтеру үшін бұранданы (21) сағат тілінің бағытына қарсы бұрыңыз.
  3. Таспа жылдамдығын алдын ала таңдауға арналған сермерді (4) 1 сатысына қойыңыз.
  4. Аккумуляторды (3) салыңыз.
  5. Электр құралын қосып, таспалы ара төсемін (11) бір айналымға қосыңыз.
  6. Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (3) шығарыңыз.
  7. Аунақшадағы (17) таспалы ара төсемінің (11) биіктігін тексеріңіз. Таспалы ара төсемі мен аунақшаның үстіңгі шеті арасындағы қашықтық кемінде 3 мм болғанша 2−5 қадамды қажетінше қайталаңыз.
  8. Қарсысомынның табақты ізін (19) бүйірлі кілтпен (20) сағат тілінің бағыты бойынша бұрыңыз.

Нұсқау: табақты ізді реттеуге арналған бұранда (21) жетекті аунақшаның биіктігін (17) өзгерту үшін қолданылады. Бұл таспалы ара төсемінің (11) толық қозғалысын реттеуге мүмкіндік береді.

Ілгек (13) арқылы өшірілген электр құрылын ілуге болады. Жарақат алу мен зақымдануды болдырмау үшін электр құралын тек берік және қолайлы бекіту орнына іліп қойыңыз.

  • Электр құралы ілінген кезде, ара дискісі кездейсоқ жанасудан қорғалғанына назар аударыңыз. Жарақат алу қаупі бар.

Электр құралы ұзақ уақыт ішінде пайдаланылмаса, таспалы ара төсемінің қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында таспалы ара төсемінің (11) алдын ала тарту құралын босатыңыз. Алдын ала тарту иінтірегі (12) тірелгенше бұраңыз .

Қайта пайдалануға бермес бұрын алдын ала тарту иінтірегін (12) таспалы ара төсемін (11) керу үшін тірелгенше бұраңыз. Таспалы ара төсемінің (11) ара төсемінің бағыттауыштары (16) мен аунақшаларда (17) дұрыс жұмыс істеуін тексеріңіз.