Ара дискісінің тасымалдау және жұмыс күйі
Тасымалдау күйі
- Қорғаныш қаптаманы (3) алып тастап, үстел ендірмесін (25) алып тастаңыз және сынаны (4) ең төменгі күйге орналастырыңыз. Үстел ендірмесін (25) қайтадан орнатыңыз.
- Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісінің (26) тістері аралау үстелінің (23) астында тұрғанша бұраңыз.
- Аралау үстелінің кеңейтімін (6) толығымен ішке қарай жылжытыңыз.
Қысқыш тұтқаны (13) төмен қарай итеріңіз. Сонда аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Жұмыс күйі
- Сынаны (4) ара дискісі ортасының тура үстінен ең жоғарғы күйде орналастырыңыз, үстел ендірмесін (25) орнатыңыз және қорғаныш қаптаманы (3) монтаждаңыз.
- Қос иінді (15) ара дискісінің (26) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3 − 6 мм-ге жоғары болғанша сағат тілінің бағытымен бұраңыз.